• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:44:22
Алматы
+35°

11 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

Аудандағы «Болашақтың» түлегі, Жұртпен қалай жұмыс істеуді біледі

Халықтың әл-ауқатының  артуы көп ретте аймақ басшысына да  байланысты

 

Аудан мен аймақтың мықты болуы ол ең алдымен әкімдердіің іскерлігіне де байланысты болатыны сөзсіз. Мұны неге айтып отырмыз? Әдетте халықтың әл-ауқатының  артуы көп ретте аймақ басшысына да  байланысты. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген халық  тәмсілі бекер емес. Бұл орайда облыстың аудандарында іскерлігімен көзге түсіп басшылар аз емес. Мысалы, Ақтөбе облысында Мәртөк атты аудан бар. Тарихты білмеген адамға оның аты да қызықты болып көрінер. Өлкетанушылар бұл атаудың тарихын ерте заманнан бастайды. Мортық –бұл шөптің аты. Аудан осы қасиетті өсімдіктің атымен аталған деседі. Десек те пікірлер әртүрлі, бірақ әңгіме әкімде.

Мәртөк ауданы Ақтөбенің солтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан Ресейдің Орынбор облысымен шектеседі. Оңтүстік батысында Қобда ауданымен, оңтүстік шығысында Алға және облыс орталығымен, солтүстік шғысында Қарғалы ауданымен жалғасады. Сондай-ақ  Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізі де аудан территориясы  арқылы өтеді.  Ауданда бүгінгі таңда 30-ға жуық диаспора өкілдері тұрады, бұл аумақтағы тұрғындардың  саны 29901  екенін айта кеткен жөн.

Әрине, бүгінгі таңда ауданның әлеуметтік –экономикалық жағдайы өте жақсы. Соңғы тоғыз айдың көрсеткішіне назар аударар болсақ, барлық сала бойынша жоспар орындалған. Өндіріс өсіп, шағын және орта кәсіп дамып келеді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында еңбек өнімділігін арттырып, жаңадан жұмыс орындарын ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл орайда ауданда жақсы, жағымды көрсеткіштер бар.  Аудан тұрғындарының орташа айлық жалақысы 116097 мың теңгені құрайды.  Бір ғана мысал, соңғы тоғыз айда жаңадан 754 жұмыс орны ашылған.

Аймақта Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмалары ойдағыдай орындалуда. Тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға барлық шаралар қарастырылуда.  2019 жылдың 1 қазанына дейінгі жағдайды саралайтын болсақ, 6172 мүшесі бар 1328 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы кеңес берілді. Оның ішінде 880 отбасы атаулы көмекті алуға өтініш жазды. 603 отбасына 255, 7 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілді. 277 отбасының табысы белгіленген тиісті мөлшерден жоғары болғандықтан  олардың өтініші кері қайтарылды. Бүгінгі таңда аудан көлемінде жұмыссыздардың саны азайып келеді.

Мәртөк ауданы табаиғаты көркем, ауыл шаруашгылығын дамытуға бар жағдай жасалған өңір. Жері құнарлы, мал шаруашылығын дамытуға ыңғайлы аймақ. Сондықтан да кәсіпкерлердің көбісі ауыл шаруашылығы саласында өнімді жұмыс істеп келеді. Мал шаруашылығы да дамуда. Барлық салада алға жылжу бар. Мұның сыры неде?

Осыдан бес-алты ай бұрын Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мәртөк ауданына басшы етіп Ермек Кенжеханұлын тағайындағаны белгілі. Бекер емес. Іскер басшы осыған дейін республикалық бірқатар қаржылық өндірістік компанияларды басқарды. Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармасының бастығы, Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы болды. Оның үстіне Ермек Кенжеханұлы  «Болашақ» бағдарламасымен Рединг университетін (Ұлыбритания) ауыл шаруашылығындағы бизнесті басқару мамандығы бойынша, "Аджу" (Корея) университетін әкімшілік іскерлік мамандығы бойынша тәмамдаған. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин Мәртөк ауданына оны басшы етіп тағайындап, іскер, жігерлі «Болашақтың» түлегіне сенім білдірді. Бүгінгі таңда сенім ақталып жатыр. Ең үлкені әрі негізгісі – халықтың сеніміне ие болу. Бұл орайда Ермек Кенжеханұлы  соңғы алты айда іскерлігін де көрсетті. Аудан қарыштап алға дамып келеді. Өйткені мемлекеттік бағдарламалар толыққанды орындалып жатыр. Мысалы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы саласында 75 жоба іске қосылды. «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген бағдарлама бойынша 17 жоба қаралу үстінде. Қазіргі таңда оның екеуі мақұлданды, үшеуі қаралуда, ал қалғандары дайындалу үстінде.

Мәртөк ауданы Ақтөбе облысындағы ең аграрлы ауданның бірі екенін айта кеткен жөн. Президент тапсырмасына орай қазіргі кезде пайдаланылмай жатқан құнарлы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару  жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы саласында бақша және дәнді дақылдар егіледі. Картоп, қызанақ, қияр, сәбізден бастап, баклажанға дейін өсіріледі. Сонымен қатар, 13 шаруа қожалығы қауын бен қарбыз егуге дағдыланған. Қазіргі таңда аудан көлемінде Елек және басқа да су қоймаларының маңайында 600 гектардай пайдаланылмаған жерлер бар. Алдағы уақытта аталған жерлерге бақша өнімдері егілетін болады.

Сондай –ақ, Мәртөк ауданында 35 плотина бар, бұл маңайда суландырыу алқабын молайтып, балық шаруашылығын дамытуға болады. 35 плотинаның қазіргі уақытта тоғызы пайдалануға берілді. Бүгінде күнде ауданда замана көшінен кейін қалмай ауыл шаруашылығын цифрландыру жаңаша қарқын алды десе де болады.

Мәртөк ауданы тек қана ауыл шаруашылығының арқасында күн көріп отыр десек, қателескен болар едік. Аймақта қазіргі таңда 11 өндіріс орны жұмыс істеп, халыққа пайдасын тигізуде.

Президент әсіресе аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына көп көңіл болып отыр. Аудан әкімі Ермек Кенжеханұлын осы саланың дамуына өзі де айрықша көңіл бөлуде. «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жаңа жобалар дүниеге келіп, тиімді жұмыс істеуде. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 75 адам арнайы курста оқытылып, олар тиісті сертификатты иеленді. Олардың ішінде 10 адам 32,4 миллион теңге шағын несие алды. Қазіргі уақытта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 36 жобаны жүзеге асыру көзделіп отырған көрінеді.

–Біздің басты мақсатымыз ­– халыққа жағдай жасау, жұмыс істеймін деген адамға мүмкіндік беру, олардың көкірек көзін ашу. Мемлекетке масыл болып, сеніп отыра беруге болмайды. Өз кәсібі мен бизнесі бар адам ғана береке бақытқа кенеледі. Кәсібін дөңгеленткен адамның тіршілігі түзеледі. Аудан тұрғынддары мұны терең түсініп отыр. Бизнесті несиелеу бағыты бойынша біздің Мәртөк ауданы аймақта көш басын бермей тұр. Аудан тұрғындарының безнес саласына белсенділігі артып келеді, – дейді аудан әкімі.

Мәртөк ауданының инвесторларға және инвестиция салуға қолайлы аймақ екенін айттық. Ауданда мал азығын өндіретін зауыт құрылысы басталды. Жобаның құны - 2,5 миллиард теңгені құрайды. Жоба үстіміздегі жылдың аяғына қарай іске қосылмақ. Дайын өнімдер Ақтөбе, Қазақстан аумағына ғана емес, шетелдерге, атап айтқанда, Еуропа құрлығы, Иран мен Сауд Арабия  нарығына шығарылмақ.

Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, таяу арада жол бойында сервистік қызметті дамыту көзделіп отыр. Өйткені аудан Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізінің өн бойында орналасқан. Сондықтан бұл салаға назар аудармаса болмайды.

Сондай-ақ аудан аумағы жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға бай. Игерілмеген кендердің көзі де баршылық. Ал оған тиімді инвестор іздеу де басты назарда тұр.

Тағы бір инвестиция тартылатын сала – баламалы энергия көздері. Жел қондырғалары арқылы ауданда қуат көздерін өндіруге мол мүмкіндік бар. Оның үстіне қазіргі уақытта мемлекет «жасыл экономиканы» дамытуға көп көңіл бөлуде.

Ермек Кенжеханұлы аудан экономикасы шығын және орта бизнестің дамуымен тікелей байланысты екенін айтады. Бұл тұрғыда экономикалық жағынан белсенді халықтың 30 пайызын осы салаға тарту көзделіп отыр. Ең басты мақсат – жергілікті өнімдерді көбейту. Мәртөк ауданының өнімдері жақын уақытта Ақтөбе ғана емес, жақын және алыс шетелдерге экспортталатын болады.

Инвесторлардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Жобалардың жол картасы» бағдарламасы ашылған. Мұның тиімділігі неде? Жалпы аумағы 96 гектар жерге өндірістік база орналасқан. Мұнда әртүрлі өнім өндіретін және тұрғындарға қызмет көрсететін 8 кәсіпорын жұмыс істейді.  

Мәртөк ауданының тұрғындары ауыз сумен толыққанды қамтамасыз етілген десе де болады. Қазіргі уақытта аудан халқы орталықтандырылған сумен 94,4 пайызға қамтамасыз етіллген. Ал тұрғындардың 77,1 пайызы көгілдір отынды тұтынып отыр.  Құрылыс салынып жатыр. жол жөнделуде.

Аудан әкімі Ермек Кенжеханұлы қашан да  халықтың ортасында. Елдің мұң-мұқтажын үнемі тыңдап отырады. Әкімнің қабылдауына халық та көп келеді. Биылдың өзінде аудан әкімі әртүрлі мәселелермен келген 150 адамды қабылдады. Аудан әкіімшілігінің қызметкерлері «Facebook», «Instagram», «Telegram», «ВКонтакте», «Одноклассники.ру» әлеуметтік желісінде тіркелген. Аудан әкімінің өзі «Facebook» әлеуметтік желісінде тұрғындардың саулдарына тұрақты жауап беріп отырады.

«Болашақтың» түлегі, әртүрлі қызметтің мектебінен өткен Ермек Кенжеханұлы бүгінгі қоғамның заманауи іскер басшысы десек, артық айтқандық емес. Ол халыққа жақын әкім. Бұл күнделікті өмірде байқалып та жүр.  Халыққа не керек? Мәселенің шешілгені керек. Ал Мәртөк ауданында осындай алымды , шалымды, шаруаны жедел шететін іскер әкім бар. Халық осыған қуанады.

Мира Берікболова

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір