• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:49:51
Алматы
+35°

Қызанақ – біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Оның құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С,В, РР тобының витаминдері, каротин бар.

 Сондай-ақ қызанақты тұздайды және шырын алады. Дәмді және пайдалы көкөніс. Оны көптеген тағамдарға, салаттарға қосады.

Алайда, кейбір адамдар оны пайдаланудан бас тартуы керек деп нутрициолог-диетолог Құндыз Алмасқызы кеңес береді.

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі кімдерге мүлдем қызанақ жеуге болмайтынын ұсынады.

Аллергия

Егер сіздің иммунитетіңіз аллергияға бейім болса, онда сіз қызанақтан да бас тартуыңыз керек. Өнімнің құрамындағы органикалық қышқылдардың әсерінен, сізде кері реакция бастауы мүмкін.Тіптен, өлім қаупіне алып келуі ықтимал.

Өт жолдары аурулары

Қызанақтар ағзаға күшті холеретикалық әсер етеді. Сондықтан, оларды өте сақтықпен қолданған жөн. Егерде сіздің өт жолдарыңыз ауыратын болса, диетологтар қызанақтан мүлдем бас тартуға кеңес беріледі.

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, қызанақ – өт қабында немесе өт жолында тастар бар адамдар үшін өте қауіпті.

Ойық жара немесе гастрит

Егер сіздің ағзаңызда жоғары қышқылдық болса, онда тұзды және маринадталған қызанақтан бас тартыңыз. Одан өзге жаңа піскен қызанақты жесеңіз, сырқатыңыздың өршуіне алып келеді. Ойық жара немесе гастрит белгісі байқалған жағдайда, тағам мәзіріңізге қызанақты мүлдем қоспаңыз.

Бүйрек ауруы

Қызанақтың құрамында қышқыл қышқыл бар, ол дененің су-тұз балансына теріс әсер етеді. Пісірілген және консервіленген қызанақ бүйрек тастарын қоздыруы мүмкін. Сондықтан, қызанақпен қоштасып, қияр жегеніңіз жақсы.

Буын ауруы

Қызанақты жеу арқылы оксаль қышқылы көбейеді. Егер ағзаңызда концентрациясы асып кетсе, қатты ауырсыну пайда болуы мүмкін.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!

Ақтолқын Тажикова

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: денсаулық қызанақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір