• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 19:49:44
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қараша, 2019 NEWS

Алматы – Бішкек тасжолында жантүршігерлік көлік апаты болды

Алматы-Бішкек тас жолында үш көліктің соқтығысуынан бір адам мерт болып, 8 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көлік апаты бүгін  Алматы-Бішкек тасжолының 94-шақырымында болған.

Аталған факті бойынша соталды тергеу басталды.

"Тойота Естима", "Ниссан максима" және "Хюндай Старекс" көліктері соқтығысқан. Апатқа не себеп болғаны тергеу барысында анықталады. Тергеу ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағына сәйкес жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды",- деп Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Ал көлік апатынан зардап шеккендер – Жамбыл, Түркістан және Алматы облысының тұрғындары. Жас ерекшеліктері 21-34 жас аралығында. Олардың барлығы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жеткізілген. Ал көлік апатынан мерт болған әйел адамның кім екені әзірге анықталмады.

Сондай-ақ Алматы облысының полицейлері көлік жүргізушілерге жолда абай болуды қатаң ескертеді.

"Көлік дөңгелектерін қыстық автошинаға ауыстыру керек. Кей жерде қар жоқ деп тәуекелге бел буып, жолға шығып кетуге болмайды. Ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Сондықтан адам өміріне бейжай қарамауды ескертеміз", – деп облыстың полицейлер сөзін  толықтырды.

 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір