• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:25:30
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

15 Қараша, 2019 NEWS

Қ.Тоқаев Kaspi gold-қа қатысты дауға жауап берді

Мобильдік қосымшалар, дәлірек айтқанда Kaspi Gold картасының қалтафондағы қосымшасы арқылы қолма-қолсыз ақша аударылымдар айналасындағы дауға мемлекет басшысы нүкте қойды. Бұл туралы президент кеңесшісі Мәулен Әшімбаев facebook-тегі парақшасында айтты.

– Президент Ақмола облысын дамытуға арналған кеңесте қолма-қол ақшасыз аударымдардан салық ұстау мүмкіндігі туралы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. Соңғы күндері бұл сұрақ қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ыңғайлылығының арқасында кейбір банктердің тез арада аударым жасау жүйесі тұрғындар арасында танымал болып келеді. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар бұл мәселені тыңғылықты зерттеуі керектігін атап өтті. Сол себепті Президент сауалды күн тәртібінен алып тастау туралы тапсырма берді – деді ол.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір