• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 03:55:12
Алматы
+35°

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен бірге «Ел үміті» дарынды жастар форумының эстафетасын қабылдады.

«Ел Үміті» жобасы ел бойынша 1000 талантты, дарынды әрі іскер жастарды іріктеуге көмектеседі. Олар өз тәжірибесімен бөлісе отырып, өзінің үлгісінде құрдастарын табысқа ұмтылуға жігерлендіріп, өзіне сенуге, талантын паш етуге көмектеседі. «Сіздердің әрқайсыларыңыздың жетістіктеріңізді саралай келе, біз еліміздің барлық жастарына үнемі өздігінше жұмыс істеп, жаңа белеске қол жеткізіп, коммуникабельді әрі белсенді болуға шақырамыз. Әркімнің тағдыры өз қолында. Көшбасшы болуға, болашаққа батыл мақсаттар қойып, соған қол жеткізіңіздер», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев форумға қатысушыларға арнаған сөзінде.

Алматыда 700 мыңға жуық жас адам тұрады, яғни қаланың әрбір үшінші тұрғыны – жастар. Оның 230 мыңнан астамы – студенттер. Олар 39 жоғары оқу орнында және қаланың 81 колледжінде білім алады.

«Талант пен энергия, креативті қабілеттер қаламыздың бәсекеге қабілетті ең күшті артықшылығы болып табылады. Біз мұны түсінеміз және бағалаймыз. Алматы жастардың мәселелерін шешеді, яғни жұмысқа орналастырады, кәсіби дағдылар береді, бизнес бастамаларды қолдайды. Біз қаланы жас ұрпақтың өзінің «Алматылық арманын» іске асыра алатындай етіп дамытатын боламыз», – деп атап өтті қала әкімі.

«Ел үміті» форумында Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент пен Алматының белсенді жастары Елбасының ғылым мен білім, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика және қоғамдық өмір салаларындағы қолдау бағдарламаларының арқасында қол жеткізген табыстары туралы әңгімеледі.

а

а

а

а

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір