• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:40:13
Алматы
+35°

Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі alau.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция банктердің бірінің Жітіқарадағы филиалынан ірі көлемде ақша ұрлау фактісі негізінде қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Банк қызметкері оған сеніп тапсырылған 87 миллион теңгеден астам соманы ұрлап, із-түссіз жоғалған қылмыс жасады деп күдіктелуде.

Тергеушілер күдіктінің 12 қараша күні Ресеймен шекараны кесіп өткенін анықтады. Қазіргі таңда оны қамауға алуға санкция алынды, ұстау шаралары қабылданып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір