• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 15:00:01
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

15 Қараша, 2019 NEWS

Б.Сапарбаев Тараз тұрғындарымен  кездесті

 
Вице-Премьер Бердібек Сапарбаев бастаған тобы жұмыс сапары барысында облыстық қазақ драма театрында жамбылдық түрлі саланың мамандары мен қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Бердібек Мәшбекұлы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатындағы баса мән беріліп отырған басымдықтарға тоқталды. Өз сөзінде бүгінде Тараз қаласының шын мәнісінде күн санап тарихи келбеті айшықталып, жаңғырып келе жатқанын айтып өткен Премьер Министрдің орынбасары ел Үкіметі алдындағы ауқымды міндеттерді тілге тиек етті.

Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартудың бір жолы — медициналық қызметтің қолжетіміді болуы екені белгілі. Халық денсаулығын сақтауда алғашқы дәрігерлік көмекті тиімді ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл ретте Жамбыл өңірі жұмысты жүйелі жүргізіп, республика бойынша алға шығып отыр.

Осыны баса айтқан Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа елді мекендерді амбулаториялар және медпункттермен қамтуда өзгеше үлгі көрсетіп,  мемлекеттік-жекешелік  әріптестік тетігін тиімді пайдаланып отырған Жамбыл облысының тәжірибесін өзге өңірлерге таратуды тапсырды.

Кездесуде Вице-Премьер келер жылдан бастап енгізуге ұсынылып отырған атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі туралы да айтып өтті.

«Шын мұқтаж азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қорғау үшін әрі масылдық пиғылды өршітіп алмау мақсатында Үкімет атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің механизмін өзгертуді ұсынып отыр. Біз бір нәрсені түсінуіміз керек. Бұл — аты айтып тұрғандай, атаулы көмек. Жыл бойы төленетін жалақы емес. Ол қолдауға зәру отбасыларға әлеуметтік жағдайын түзеп алу үшін белгілі бір мерзімге тағайындалады. Экономиканы тұрақтандырудың жолы — еңбек», — деді Бердібек Мәшбекұлы.

Премьер Министрдің орынбасары сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту мақсатында берілетін арнайы құрылғылармен қамту жүйесін жақсарту үшін арнайы портал ашылғанын да тілге тиек етті. Тиісті құрал-жабдықтарға тапсырыс беруге тендер ең тиімді жол емес екенін, соның салдарынан бұған дейін қолдауды қажет ететін азаматтарды керек құрылғымен қамтуда кедергі туындағанын сөз етті. Арнайы портал енді осы түйткілдерден құтылуға мүмкіндік бермек. Жиында жұмыспен қамту, бірыңғай әлеуметтік қор және бірыңғай әлеуметтік төлем туралы да айтылды.

Вице-Премьердің Жамбыл жұртшылығымен жүздесуі еркін форматта өткенін айта кеткен жөн. Тұрғындар Бердібек Сапарбаевқа көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді алға тартты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір