• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:50:18
Алматы
+35°

Мәскеуде тай боксынан үш дүркін әлем чемпионы, Армения азаматы Ашот Болянды белгісіз біреу атып кетті – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, РИА Новости -ге сілтеме жасап.

Қылмыс 13 қараша кешке тұрғын үйдің маңында жасалған. Белгісіз біреу 40 жастағы әлем чемпионына оқ атқан, ауыр жарақаттан спортшы оқиға орнында көз жұмды, – деп мәлімдеді РФ тергеу комитеті.

РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) және 222-бабы 1-тармағы (Заңсыз қару-жарақ айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеу бірнеше болжамды қарастырып отыр. Соның бірі кәсіпкерлік қызметпен байланысты", – делінген ақпарат агентігінің дерегінде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ашот Болян қылмыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір