• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:34:45
Алматы
+35°

Аталған дерек бойынша облыстық криминалды полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде іске қатысты 1993 жылы туылған Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Сондай-ақ, тергеу барысында күдікті сыбайласымен бірге іздеуде жүрген бір бас бұқа мен бір бас сиырды ұрлағанын да мойындады. Жалпы шығын 700 000 теңгені құраған. Жедел-іздестіру кезінде сыбайласы да ұсталып, қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық) және 3-бөлімімен (бірнеше рет жасалған ұрлық ) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұрлану деректері көбіне бақылаусыз қалдырылған жағдайларда орын алады. Осыған орай, Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды малдарын қараусыз қалдырмауға шақырады. Жоғалған жағдайда ішкі істер органдарына жедел түрде хабар берілуі керектігін ескертеді.

Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алуда ауылдық округтерде, елді мекендерде және ауылдарда шаруашылық малдарын ұйымдастыра өріске шығару қажет. Бұл ретте ауылдық округ әкімдері, мал егелері және малшы арасында үш жақты келісім бекіту маңызды орын алады.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір