• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:11:26
Алматы
+35°

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылымдағы көшбасшылық орнын анықтап,  «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards-2019» беделді жүлдесінің төрт номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Халықаралық беделді және танымал «Clarivate Analytics» Қазақстандық  ғалымдар мен ұйымдарды марапаттау рәсімін Алматыда өткізді.

Жыл сайын үздік ғалымдар, зерттеу ұйымдары мен ғылыми журналдар «Web of Science Award» халықаралық жүлделердің иегерлері атанады. «Web of Science Core Collection» әлемдегі 34 мыңнан астам журналдарды қамтитын ғылыми жұмыстар көшірілген жетекші деректер базасы. Қазіргі уақытта бұл платформада қазақстандық ғалымдардың 25 мыңға жуық ғылыми жарияланымы индекстеледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards-2019» беделді жүлдесінің төрт номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, өзінің ғылымдағы жетекші орнын тағы да дәлелдеді. Ол Q1 және Q2 квартилдері журналдарындағы жарияланымдардың саны бойынша соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның ЖОО арасында көшбасшы болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоғары рейтингті шетелдік басылымдардағы әрбір бесінші жарияланым қазақстандық авторлардікі. Бұл – ҚазҰУ ғалымдарының қосқан үлесі. Тәуелсіз сыйлықты «Web of Science Core Collection» кірген ғылыми монографиялар авторы ретінде ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов иеленді. Көрнекті қазақстандық ғалымның «Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудегі математикалық әдістер және модельдер» ғылыми еңбегі ең көп сұранысқа ие болғандардың бірі және табысты жалғасын табуда.

Айта кету керек, бұл монография экономика саласындаы Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш тарапынан жоғары бағаға ие болды және әлемдегі ең ірі «Springer Nature» баспасынан жарық көрді. Ол жоғары сұранысқа ие болған кітаптардың жиынтығына кірді, электронды түрде оны 15 мыңға жуық пайдаланушы жүктеген. Бұл – үздік көрсеткіштердің бірі. Жуырда ғана Жэньминь университеті жанындағы ҚХР жетекші баспасы монографияны қытай тіліне аударып, оның тұсаукесерін әлемдегі ең ірі Бейжің халықаралық кітап көрмесінде жасады.

ҚазҰУ-дың «International Journal of Biology and Chemistry» ғылыми журналы отандық мамандандырылған ғылыми басылымдар арасынан үздік шықты. «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша PhD докторы, ҚазҰУ постдокторанты Ж.А.Молдабеков танылды. Оның, «Web of Science Core Collection» деректер базасына кіретін, жоғары рейтингті басылымдарда 42 ғылыми мақала бар.

«Соңғы жылдары ҚазҰУ өте табысты жұмыс істеп жатыр. Ғылыми жарияланымдар жағынан үлкен прогресс бар екенін айтқым келеді. Бұл университет басшылығының еселі еңбегі. Әрине, ҚазҰУ-дың орасан ғылыми әлеуеті бар, ғалымдарды қолдау және бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру бойынша бірлескен жұмыстарды дамыту біздің алдағы жоспарымыздың бірі болмақ, – деді «Clarivate Analytics» компаниясының Ресей мен ТМД елдеріндегі басқарушы директоры Олег Уткин.

Шараға «Clarivate Analytics» компаниясының, ҚР Ұлттық ғылым академиясының басшылығы, ҚР БҒМ мен жоғары оқу орындарының, ғылыми-білім беру және іскерлік топтарының өкілдері, сондай-ақ беделді отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір