• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 17:55:16
Алматы
+35°

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Еуроодақ елдерінен Қазақстанға пошта арқылы синтетикалық есірткі жеткізетін контрабандалық арнаны ұйымдастырған топтың жолын кесті. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

6 қарашада пошта бөлімшесінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 968 психотроптық таблетка табылды.

Есірткі

Сондай-ақ, Германия арқылы Нидерландыдан контрабандалық есірткі жеткізуге қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғыны – "К" мен  "Д" ұсталды.

"Ұсталған "К"-ның тұрғылықты жері бойынша шамамен 1.5 кг "гашиш" есірткісі мен 30 г мефедрон алынды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жолданды. Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды интернет-дүкен арқылы өткізіп отырған" – делінген хабарламада.

Аталмыш деректер бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адамдар Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: есірткі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір