• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:29:12
Алматы
+35°
 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2019 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды. 

Қазақстан экономикасы тұрақты өсу беталысын көрсетіп отыр – 2019 жылғы қазан-қаңтар айларында ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 4,4% құрады. Құрылыста – 12,7%, саудада – 7,5%, көлік саласында – 5,6%, өңдеу секторында, оның ішінде машина жасауда – 18,2%, жеңіл өнеркәсіпте – 19%, түсті металдар өндірісінде – 7,5%, мұнай өңдеуде – 7,2%, металл кендерін өндіруде – 16,1%, байланыс қызметінде – 4,5% оң динамика байқалып отыр. Ұлттық қор активтері 2,1%-ға $59,2 млрд-қа дейін, республикалық бюджетке кірістер – 8386,6 млрд теңгеге (жоспардың 100%) артты, өсу қарқыны 113,7% құрады. 

Үкімет басшысы Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерінің жұмысының жақсы нәтижесін атап өтті, оларда осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша негізгі экономикалық индикаторлардың өсімі байқалады. Артта қалушы әкімдіктерге проблемалық көрсеткіштер бойынша жағдайды ретке келтіру үшін түбегейлі шараларды қабылдаудың қажеттігі айтылды.

– Бюджет бөлігі бойынша өткен жылмен салыстырғанда, осы жылдың жоспарының асыра орындалуы байқалуда. Дегенмен, бюджеттік бағдарламалардың бірқатар әкімшісінде бюджет қаражаттарының игерілмеуі белгіленген. Өткізілмеген конкурстар, жосықсыз мердігерлер және қаржыландыру жоспарлары бойынша өзгерістер жөніндегі дәлелдер қабылданбайды. Жыл соңына дейін бір жарым ай қалды, – деді А. Мамин.

Премьер-Министр экономиканың сапалы әрі тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын құруға, өнімділікті арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға барлық күш-жігерді жұмсау қажет екенін атап өтті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір