• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 21:49:11
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қараша, 2019 NEWS

40 мыңға жуық адам жарықсыз қалды

Италияның солтүстігіндегі Трентино-Альто-Адидже облысында 40 мыңға жуық адам қалың қар салдарынан жарықсыз қалды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Толассыз жауған қар тау жолдарын басып қалды. Шалғайдағы елді мекендермен байланыс үзілді.

 Жауған қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жетуі мүмкін. Сондай-ақ көшкін болу қаупі бар.

Одан өзге Венеция да табиғи апаттан зардап шегуде.

13 қарашаға қараған түні теңіз соңғы 50 жылдың ішіндегі рекордтық деңгейге – 187 сантиметрге көтерілді.

Су тасқыны  қала тұрғындарына қиыншылықтар келтіруде. Сол себепті де  туристер кетіп жатыр.

Қазіргі таңда қалада төтенше жағдай енгізілуі ықтимал.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір