• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:23:47
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы 15 қараша күні Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсат-міндеттері: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды табу және жан-жақты көтермелеу. Көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Конкурсқа көркемсөз оқу шеберлігін игерген 17-29 жас аралығындағы жастар қатысады. Байқауға кәсіби өнер саласының мамандары, сондай-ақ осы конкурстың өткен жылдардағы жеңімпаздары жіберілмейді.

Конкурс шарты бойынша қатысушылар қазақтың белгілі ақын, жазушы, драматургтерінің көркемдігі жоғары шығармаларын немесе шығармадан үзінді оқуы керек. Шығармалар Қазақстан, туған жер, Тәуелсіздік, Астана, ел бірлігі, жастық шақ, тіл туралы тақырыптарда болуы тиіс. Конкурс төмендегідей кезеңдер бойынша өткізіледі:

  1. Прозалық шығарма оқу;
  2. Поэзиялық шығарма оқу;
  3. Драмалық шығарма оқу.

Бас жүлдеге лайық деп танылған қатысушыға диплом мен 200 000 теңгенің сертификаты беріледі. 1-орын иегеріне I дәрежелі диплом және 150 000 теңге ақшалай сыйлық, 2-орынды жеңіп алған қатысушыға II дәрежелі диплом мен 100 000 теңге, 3-орын алған адамға III дәрежелі диплом және 70 000 теңгенің сертификаты табыс етілмек.

Сондай-ақ 2 арнайы номинация иегерлерінің әрқайсысы диплом және 35 000 теңгемен марапатталмақ. екі қатысушыға диплом жәнен 30 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығы ұсынылып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір