• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 19:57:27
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

13 Қараша, 2019 NEWS

Нұр-Сұлтандағы конференцияның шығындарына депутат күмән келтірді

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік сауда ұйымының конференциясын өткізу шығындарына күмән келтірді – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.. 

"Келесі жылы Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымының министрлер конференциясын өткізуге ниетті. Шараға қатысушылар саны 5-6 мың адамнан асады. Ұйымдастырушы – "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы. Мұндай жаһандық шараның имидждік әсері бар екені анық. Сондай-ақ конференцияның шығындарының негіздемесі және оның практикалық әсері күмән туғызады. Өйткені, Қазақстан жақында ДСҰ-ға мүше болды және бірқатар салаларда әлі де өтпелі кезеңде",– деп премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.

 "Халықаралық сауда тізбегінде шикізат жеткізушісі ретінде осындай рөлге ие бола отырып, Қазақстан дайын өнімді жеткізушілердің мүдделерін қорғайтын және сарапшылардың пікірінше терең дағдарыста тұрған ұйымның министрлер конференциясын өткізуі керек", – деді депутат.

Одан өзге  Қоңыров бұл ақшаны отандық кәсіпорындар мен экспорттаушыларды іс жүзінде қолдауға, ең алдымен көрші елдердің нарықтарына жылжытуға жұмсауды ұсынды.

Сондай-ақ депутат ЭКСПО нысандарының өзін-өзі қамтамасыз етуіне  байланысты бірқатар мәселелерді көтерді.

"Бір кездері ЭКСПО нысандарын көрмеден кейінгі пайдаланудың тиімділігін арттыру және олардың өтелуіне қол жеткізу міндеті қойылған болатын. Сондықтан ДСҰ министрлер конференциясы сияқты кең ауқымды шараларды өткізу Қазақстан үшін коммерциялық пайда табудың жолы болды.  Конференцияның сметалық құны қандай, ол қалай жабылады? ЭКСПО –2017 нысандарының қайсысы өзін-өзі қамтамасыз етуге жеткізіледі және қайсысы үшін мемлекет тарапынан қаржыландыру жалғасуда? "Астана ЭКСПО – 2017" ұлттық компаниясының 2018 жылғы қызметінің қаржылық нәтижелері қандай", – дейді премьер-министрге депутаттық сауалында.  

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір