• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:16:27
Алматы
+35°

Қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеру мәселесі әліде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қаржы министрлігі Kaspi bank арқылы жасалатын ақша аударымдарына салық салады деп ойламаймын. Тек осы төлемдерден салық төленіп-төленбегенін көріп отырғысы келеді. Бұл мәселені ұлттық банк пен қаржы министрлігі бірлесіп қарап жатыр. Қолма-қол ақшасыз төлем жасау көлемі ұлғайса, бюджетке түсетін кіріс те артуы керек деп ойлаймын. Бұл қалыпты нәрсе, себебі ақша көлеңкелі экономикадан шығады", – деп журналистерге сұхбат беру барысында жауап берді.

Сондай-ақ  бұл мәселе тек Kaspi банкке ғана емес, бүкіл банк секторына қатысты екенін айтты.

"Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту бағытындағы бірлескен жұмыс қосымша табыс алу түріндегі оң нәтижелермен жалғасқанын қалаймыз. Бұл әзірге қаржы министрлігінің ұсынысы ғана, банк қауымдастығымен талқыланып жатыр",  – деді Досаев.

Еске салсақ, қаржы министрлігі салықтан жалтарған кәсіпкерлерді анықтау үшін ақшалай аударымдар тексерілетінін мәлімдеген еді.

Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Kaspi Gold төлем жасаудың ең жиі қолданылатын түрі. Алайда төлем жүйесі салық заңнамасының талабына сай емес.

Одан өзге ведомство басында Kaspi.kz арқылы аударым жасауға тыйым салуды ойлапты. Бірақ, бұл ел экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін деген пайымға келген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір