• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:01:36
Алматы
+35°

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында ҰҚК шекара қызметінің 2088 әскери бөлімі қызметкерлері мен Алматы облыстық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Қытайдан Қазақстанға заңсыз түрде ақпараттық тасымалдаушылар мен гаджеттердің ірі партиясын өткізбек болғандарды ұстады.

Тауар алып өтпек болғандар тиісті жерде декларациядан өтпей, ірі көлемдегі гаджеттер мен олардың қосалқы бұйымдарын елге әкелу фактісін жасырған. Тауар "Rapiscan" сканері арқылы тексеру барысында анықталды.

Ұсталғандардан темекі бұйымдары, атап айтқанда, "Cavallo" маркалы 80 блок (16 000 дана), "Mond" маркалы 90 блок (18 000 дана) және "Milano" маркалы 575 блок (115 000 дана) сигарет тәркіленді. Тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы саны 745 блок (149 000 дана), 103 кг.

а

Ұсталғандар сондай-ақ 148 дана ұялы телефон, 6245 дана флешка (1ГБ-1520 дана, 2ГБ-1480 дана, 4ГБ-995 дана, 8ГБ-1000 дана, 16ГБ-1000 дана, 32ГБ-250 дана), GSM модуліне арналған 199 дана микросхема, 42 дана бейнетіркегіш, 112,5 кг қытай дәрі-дәрмектерін алып кірмек болған.

а

а

Қазіргі уақытта ұсталған тауар кеден қоймасына орналастырылды. Тауардың кедендік құны анықталып, істің жағдайы анықталуда. дан кейін бұл іске қатысы бар барлық тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

а

 

а

а

а

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір