• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:20:26
Алматы
+35°

13 Қараша, 2019 NEWS

"Балаға өз ағзамды беруге дайынмын": Қазақстандық әйел Оңтүстік Корея халқынан кешірім сұрады (видео)

Қазақстандық әйелдің оңтүстік кореялықтарға үндеуін жергілікті "JTBC NEWS" арнасы көрсетті.

Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы көлікпен ұрған қазақстандық жігіттің анасы зардап шеккен баланың отбасынан және Оңтүстік Корея халқынан кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" сайтының дерегін негізге алып. Қазақстандық әйелдің оңтүстік кореялықтарға үндеуін жергілікті "JTBC NEWS" арнасы көрсетті.

"Мен, Қазақстан азаматы, Корея Республикасына менің атымнан және ұлымның атынан кешірім сұрау үшін келдім. Мен басымды иіп отырып, корей халқынан осы елде болған жол-көлік оқиғасы үшін, апаттан зардап шеккен бала үшін кешірім сұраймын.Бұл екі ел арасындағы мәселе болғандықтан, біз кешірім сұрауға ертерек келе алмадық. Менің балам қателігі үшін заң алдында жауап береді. Мен барлық адамдардан баланың тезірек сауығып кетуін сұрап дұға етуді сұраймын.  Зардап шеккен бала мен оның ата-анасынан да кешірім сұраймыз. Құрметті зардап шеккен баланың ата-аналары! Мен, ана ретінде, сіздің жағдайыңызды түсінемін. Жағдай сізге қатты әсер етті. Мен сіздің ұлыңыз үшін дұға етемін. Біз сіздің балаңызға алдағы операцияда көмектесуге дайынбыз. Егер ағзаны трансплантациялау қажет болса, менің ұлым және мен ағзамды беруге дайынбыз.  Балаға көмектескен барлық кореялық дәрігерлерге алғысымызды білдіреміз", - дейді қазақстандық әйел. 

Еске салсақ, қыркүйек айының соңында Оңтүстік Кореяда қазақстандық 20 жастағы жігіт 7 жасар баланы қағып кеткен. Бала жан сақтау бөліміне түсті, 18 жерден сынған және бастан ауыр жарақат алыпты. Бұл апат Оңтүстік Кореяда үлкен резонанс тудырды. Себебі қазақстандық жігіт Кореяда заңсыз жүрген, көлік жүргізуші куәлігі болмаған және оқиға орнынан ізін суытып, елден қашып кеткен. Кейіннен жас жігіт Павлодардан табылып, сот төрелігін қарау үшін Оңтүстік Кореяға жіберілді. Ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыскерді жазалау туралы президент Мун Чже Инге жолдаған петицияға 60 мыңға жуық адам қол қойған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір