• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:32:14
Алматы
+35°

Алматыда үш қабатты жекеменшік үйде газ жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Первомайка ауылындағы Постышев, 64 "В" мекенжайында барак типтес 3 қабатты жекеменшік үйде жарылыс болды. Онда жалдамалы бөлмелерде 12 отбасы тұрып жатқан.

Оқиға орнына жеткен апаттық-диспетчерлік қызметтің хабарлауынша, жарылыс бірінші қабаттағы №3 пәтерде орын алған. Сондай-ақ қатты дүмпу үйдегі есік-терезені, ішкі қабырғаларды қиратқан.

"36 жастағы ер адамның денесін 100 пайыз күйік (3-дәрежелі) шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Науқастың жағдайы өте ауыр. 19 жастағы қыздың денесінің 85 пайызын күйік (3-дәрежелі) шалған. Жағдайы өте ауыр. 23 жастағы жігіттің беті, аяқ-қолдары күйген (1-дәрежелі). Денесінің 22 пайызы зақымданған. Бұл пациенттің де жағдайы өте ауыр", –  дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, үйдегі газ қазандығы қирамаған. 

Ал қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, жедел жәрдем бригадасы №4 ауруханаға 3 пациентті жеткізді. Үшеуі да қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы газ жарылды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір