• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:56:53
Алматы
+35°

Жыл сайын 11.11 (11 қараша күні) әлем бойынша Pepero Day достық пен махаббат мерекесі атап өтіледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мереке тарихы өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастау алады. Корей елінде 11 қараша күні сағат уақыты 11:11:11-ді көрсеткенде оқушы қыздар бір-бірімен шоколадпен қапталған тәтті таяқшалармен алмаса бастады. Pepero таяқшалары әлемнің бірқатар елінде достық пен махаббаттың нышанына айнады.

Pepero Day

10 мен 11 қараша күндері Алматы тұрғындары Шығыс Азия елінің салт-дәстүрімен таныса алады. 10 қараша күні Медеу шатқалында Алматының тұрғындары мен қала қонақтарына Pepero печеньелері ұсынылады. 11 қараша күні достық мерекесі барлық метро бекеттері мен поезд вагондарында өтеді. Таңғы 8:00-ден кешкі 19:00-ге дейін метро жолаушылары музыкалық перфоманстардың куәсі болып, өздерін музыкант сезініп, танымал орындаушылардың өнерін жанды дауыста тыңдап, Корей елінің тәтті печеньесінен дәм тата алады.

Мысалы, Жібек Жолы бекетінде поезд күту кезінде танымал әндерді акапель орындауында тыңдауға болады. Райымбек бекетінің перронында жолаушыларға арналып музыка атасы саналатын екі аспап саксофон мен қобыз концерті орындалады. Мәскеу бекетінде «Atman» триосының өнерін тамашалай алады.

Pepero шоколад таяқшаларын өндіретін Lotte Confectionery корей компаниясының өкілі Шин Ёнг Сонг бұл мерекенің Қазақстандағы қаншалықты танымал екендігін және алдағы жоспарларымен бөлісті:

«БізPepero Day достық мерекесін Алматыда екінші мәрте ұйымдастырып жатырмыз. Pepero Қазақстанда кеңінен танылып жатыр. Өткен жылғы көрсеткіштерді айтатын болсақ, қазақстандықтар 10 тонна печенье сатып алған. 2019 жылдың соңына таман тұтыну көрсеткіштері 13 тоннаға өседі Қазіргі уақытта Pepero-ны Корей елінен жеткіземіз. Бірақ, өнімге деген сұраныстың артуына байланысты біз Қазақстанда өндіруді қарастырамыз»

Кондитерлік фабрика туралы анықтама бере кетсек:

Алма-Ата кондитерлік фабрикасы 1942 жылы құрылды. 1992 жылы кәсіпорын «Рахат» акционерлік қоғамы деп аталды. 2013 жылы Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery компаниясы «Рахат» АҚ акцияларының негізгі бумасын сатып алды. LOTTE Confectionery Оңтүстік Кореяның көлемі бойынша 5-ші ең ірі конгломераты – LOTTE тобының еншілес компаниясы және де Оңтүстік Кореяның штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан жетекші кондитерлік компаниясы болып табылады. Бүгінгі күні «Рахат» АҚ-ның LOTTE Confectionery компаниясына тиесілі акцияларының үлесі 95,57 % құрайды.

Кондитерлік фабрика дистрибьюторлық желісі жөнге салынған нарық көшбасшысы бола отырып, атауы 400 асатын жоғары сапалы кондитерлік бұйымдар өндіреді. Компанияның ассортиментінде шоколадты және желе кәмпиттері, карамель, ирис, шоколад тілімдері, печенье, вафли, зефир, драже және т.б. бар. Кейбіреулерінің Қазақстан нарығында аналогы жоқ.

Компанияның өнімі Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Ресейде, Беларусьте, Арменияда, Қытайда және басқа елдерде сатылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір