• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:17:14
+35°

Бүйрегінде тасы бар және ұйқы безінің ауруына шалдыққан адамдарға құрма жеуге болмайды. Бұл туралы нутрициолог, диетолог Наталья Прохорова айтты – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды,  vm.ru. -ға сілтеме жасап.

"Диабетпен ауыратындарға құрманы көп жемеген дұрыс, Себбебі ол айтарлықтай тәтті. Адам тәулігіне біреуін ғана жесе жеткілікті. Дені сау адамдар күніне екі-үш құрма жей алады. Бұдан артық жеуге болмайды. Өйткені оның құрамында жеңіл көмірсулар бар", – дейді Прохорова.

Диетолог, фитотерапевт, нутрициолог Анжелика Дювальдың айтуынша, құрманың құрамында микроэлементтер мен дәрумендер, әсіресе А, С және В көп. Аталған витаминдер адамға күзде көп керек. Олар иммунитет пен жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, ағзаны түрлі инфекциядан қорғайды.

Маман дюваль құрманы аптасына екі-үш рет жеуге кеңес берді. Ал мұздатылған құрма пайдалы дәрумендерін сақтайды, бірақ оны екінші рет мұздатудың қажеті жоқ дейді.

"Құрманың құрамындағы йод пен темір өте пайдалы, олар адамның ағзасына жылдың кез келген мезгілінде қажет. Әсіресе, анемиямен ауыратын адамдар құрма жеу керек. Ол қышқыл емес, сондықтан асқазан жарасы кезінде жеуге болады. Құрманың антибактериялық қасиеті де бар", — деп атап өтті диетолог.

Құрманы асқазан-ішек жолдары ауруларына шадыққан адамдар жей алады. Сондай-ақ ол жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларына да пайдалы.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: денсаулық құрма

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір