• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:05:24
Алматы
+35°

Алматы әкімі "Adaldyq Alany: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы" республикалық форумына қатысты, деп жазады almaty.gov.kz.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек қатысқан шарада сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту бойынша іс-қимылды жетілдіру және меморгандар жұмысының ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев құттықтау сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың пәрменді шарасының бірі мемқызмет көрсетуде адамдық факторды қысқарту екенін атап өтті.

"Алматы цифрлық сауаттылықтың деңгейі бойынша елімізде көшбастауда, яғни 82 процентке жетті. Оның үстіне, Алматы БҰҰ-ның азаматтарға арналған онлайн-сервистерді дамыту рейтингіне енген Орта Азиядағы жалғыз қала және 25 орынды иеленген. Smart City концепциясын дамыту аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТҮКШ, көлік, білім мен денсаулық сақтау салаларында жобалар ойдағыдай жүзеге асуда", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың өткен тоғыз айы ішінде мемқызметтің 95%-ы электронды форматта көрсетілген, барлық мемқызметтің 80%-ы автоматтандырылған. Open Almaty порталы арқылы қала тұрғындарымен тұрақты кері байланыс қамтамасыз етілген. Екі жыл ішінде 195 мыңнан астам өтініш өңделіп, олардың 71%-ы жергілікті жерде шешілген. Түскен өтініштерге талдау жүргізіледі, соның негізінде жедел шаралар қолданылады. Айта кетерлігі, қала әкімі бір айда екі рет, сонымен қатар аудан әкімдері мен басқарма басшылары күн сайын азаматтарды жеке қабылдайды. Мегаполис басшысы проблемалы учаскелерге өзі барып, сол жерде жағдаймен танысады және аудан тұрғындарымен ашық форматта кездеседі. Осылайша, "тыңдайтын мемлекет" концепциясы жүзеге асуда.

Форумның жұмысына аудан әкімдері, мемлекеттік және жеке мекемелердің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, кәсіподақтардың, этнобірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Adaldyq Alany" жобалық офистердің өңірлік басшылары қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір