• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:55:16
Алматы
+35°

Шымкентте биылғы 10 айда 128 адамнан ВИЧ инфекциясы анықталған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Соның тоғызы жүкті әйелдерден табылды.  ЖИТС орталығы мамандары аяғы ауыр жандар емделуден бас тартқан жағдайлары болғанын айтты. Жалпы жыл басынан шаһарда 38 бала туған. Адамның иммун тапшылығы вирусы анадан балаға жұғу жағдайы тіркелмеген.

СПИД орталығындағылардың есебінше күні бүгінге дейін өңірде 296 бала дүниеге келген. Олардың бәрі ата-аналарының тағайындалған емді ұдайы қабылдауының нәтижесі деді. Мамандар биыл аты жамау ауру анықталғандардың қатарында шетелдіктердің де барын алға тартып отыр. Олар да жергілікті халық сияқты тегін ем қабылдай бастаған.

Қожахмет Маширов, Шымкент қалалық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары: Арнайы ғаламдық қордың гранты есебінен тегін ем жүргізіліп жатыр. -Қанша азамат бар? - Біздің Шымкентте бүгінгі күнде 4 шетел азаматы бас бостандығынан айыру орындарында және үш шетел азаматы туберкулезге қарсы диспансерде емделіп, солар басқа емнен бөлек осы АИТВ инфекциясына тегін ем қабылдап жатыр.

1-қарашадағы мәлімет бойынша СПИД орталығында 1 400-ден астам адам есеп тұр. Оның 11-і медицина қызметкерлерінің салғырттығынан жұқтырғандар. Мамандар соның бесеуі бүгінде отбасын құрып, жеті перзент сүйіп үлгергенін жеткізді. Олардың жұптары да, дүниеге келген сәбилер де кеселден дін аман. Орталықтағылар мұны тағайындалған емді уақытылы қолданудың нәтижесі деп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір