• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:16:03
Алматы
+35°

"Қазақтың ерке қызы" атанған халықтың сүйікті әншісі, Қазақконцерт солисі Мақпал Жүнісованың мақпалдай дауысы Ташкент жұртшылығын тамсандырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мақпал Жүнісова

Еліміздің ұлттық музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауға зор үлес қосқан Мақпал Жүнісованың концерті "Туркистон" концерт залында аншлагпен өтті. Концертте әншінің белгілі туындылары, қазақтың халық әндері және танымал орыс романстары орындалды. Әнші Қазақконцерттің өнер ұжымдары - "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблі мен "Saz&soul" вокалдық-аспаптық ансамблінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Ансамбльдер белгілі композиторлар әрі мульти инструменталист музыканттар Бауыржан Ақтаев пен Әділжан Толықпаевтың жетекшілігімен сахнаға шығып, қазақтың дәстүрлі музыкасы мен эстрада өнерін үндестірген тамаша синтездің үлгісін ұсынды. Халқымыздың ұлттық музыкасын жаңа форматта ұсынған ансамбльдер талғампаз тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Бұған қоса, тыңдарман қауымға өз өнерін белгілі әнші Ержан Белғозиев пен концертмейстер Олжас Байділдаев ұсынды.

Мақпал Жүнісова

Осы айтулы жылға сәйкес Қазақконцерт артистері Ташкентте екі үлкен концерт беріп үлгерді. Бұдан аз уақыт бұрын Ташкенттңң дәл осы "Туркистон" концерт залында Қазақконцерт солисі, белгілі әнші Роза Рымбаеваның концерті өткен болатын.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақконцерт ұсынған тың жобалар бауырлас халықтарды одан әрі жақындастырып, ежелден бері келе жатқан ынтымағымызды одан әрі жарастыра түскені анық.

Мақпал Жүнісова

Гастрольдік сапарды сәтті өткізген Қазақконцерт ұйымының артистері тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді. Қазақконцерт ұйымы Өзбекстан мемлекеттік филармониясымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Екі жақты меморандум шеңберінде екі елдің мәдени қарым-қатынасы арта түседі.

Мақпал жүнісова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір