• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:59:08
Алматы
+35°

Бүгінде «халық қалаулыларының» орташа еңбекақысы 700 мың теңге. Жалақы көлемі еңбек өтілі мен парламенттегі қандайда бір комитетке мүшелігіне байланысты белгіленеді. Жалақыға қосымша депутаттар қызметтік пәтер, қызметтік көлік, елішілік, шетелдік іссапарлардың бюджеттен төленуі, тегін медициналық көмек, көмекшілерінің шығындарынның өтелуі сынды игіліктерді пайдаланады. Бұларды қоса есептегенде депутатқа кететін шығын жалақы сомасынан екі-үш есеге көбейеді, деп жазады forbes.kz.

Елдегі орташа айлық жалақы қазан айында 189 мың теңгені құрағанын, ең төменгі жалақы 42 500 теңге екенін ескерсек, ақ жағалылардың айлығы орташа еңбекақыдан 3,7 есе, ең төменгі жалақыдан 16,5 есеге көп.

Қазақстан жағдайы үшін депутаттар айлығы тіпті де жаман емес. Ал шетелдік әріптестерімен салыстырғанда бірінен көп, енді бірінен аз. Мәселен, солтүстік көрші – Ресейде депутаттар 400 мың рубль (2,4 млн теңге) алады. Ондағы ең төменгі жалақы 11 280 рубльға (68 мың теңге) тең. Демек ресейлік депутаттарға ең төменгі жалақы алатын азаматтан 35,5 есе көп жалақы төленеді. Үй, көлік сынды жайлы жағдайларды қоса есептегенде бір депутатқа кететін айлық шығын 1,5 млн рубльға (9 млн теңге) дейін артады.

Украинадағы Жоғарғы рада депутаттары айына 40 мың гривен (632 мың теңге) табады. Бұл төменгі жалақы мөлшерінен (4173 гривен – 66 мың теңге) 9,5 есеге жоғары.

Беларусьте депутаттардың табысы 3687 беларусь рублі (701 мың теңге), төменгі жалақы 33 рубль (66 мың тг).

Қырғызстандық Жоғарғы кеңес депутаттары ТМД елдері арасындағы ең төменгі жалақы алатындардың бірі. Қырғыз парламентіндегі орташа жалақы 30 мың сом (167 100 тг). Ал елдегі төменгі жалақы мөлшері 1200 сом (6684 тг).

Еуропа елдеріне келсек, Литвада депутаттың орташа жалақысы 2963 еуро (1 млн 280 мың тг), төменгі жалақы 550 евро (237 600 тг). Польшада депутаттар 8017 злота (809 мың тг) тапса, төменгі жалақы 2250 злотаға (227 250 тг) тең.

Еуропарламент депутаттары айына 6825 еуро (2 млн 950 мың тг) алады. Тек еуропарламент мүшелері қай елдің өкілі екеніне қарай салық төлейтіндіктен, жалақылары әртүрлі шамада кеми түседі.

Германиядағы бундестаг депутаттары табатын табыс 10 083 еуро (4 млн 356 мың тг), төменгі жалақы 1584 еуро (685 мың тг) шамасында.

Ұлыбританияда "халық қалаулыларының" еңбекақысы 6622 фунт стерлинг (3 млн 318 мың тг). Бұл төменгі жалақыдан (1698 фунт, 850 700 тенге) 3,9 есеге көп.

Ең жоғары жалақы алатын депутаттар сапында италиялық парламент өкілдері де бар. Олар айына 10 435 еуро (4,5 млн тенге) жалақы алады. Бұл елде төменгі жалақы деген түсінік жоқ, "азаматтық табыс" деген ұғым бар. "Азаматтық табыс" Италияда 780 еуро (337 мың). Айырмашылық – 13,4 есе.

Ал АҚШ-та қос палата өкілдеріне айына 14,5 мың доллар (5 млн 655 мың тг) төленеді. Америкада төменгі жалақы мөлшері әр штатта әртүрлі. Шамамен айтқанда бір сағаттың ақысы 7,25 доллар. Жұмыс аптасы 40 сағаттан тұрады деп есептегенде төменгі жалақы айына $1 160 немесе 452 400 теңгені құрайды. Кей штаттарда көрсеткіш бұдан жоғары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір