• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:12:37
Алматы
+35°

Жыл санап салауатты өмір салтын ұстаған меркіліктердің саны артып келеді.Бүгінде аудан тұрғындарының 29,8 пайызы тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың қатарына жатады. Бұл орайда олардың ауданда оларға қажетті спорттық инфрақұрылымдар саны да арта түскен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда аудандағы спорт нысандарының жалпы саны 215-ті құрайлы. Оның ішінде 1 стадион, 36 спорттық залы, 13 арнайы орнатылған спортзалдар, 12 атқыш тирі, 38 футбол алаңы, 115 спорттық алаңшалары бар. Заман ағымына сай стритворкаутпен айналысушыларға 10 спорттық алаңша қызмет көрсетеді. Дәл осы спорттық нысандардың мүмкіндігін пайдаланып 25270 меркілік тұрақты түрде спортты жанына серік еткен. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда аймақтағы спортпен шұғылданушылар саны 584 адамға көбейген. Жадпы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы 6730 меркіліктің жасы әлі 14 жасқа толмаған. Ал қалған 13050 спортшы жастар санатына жатады. 29 жастан асқан спортшылардың жалпы саны 5490 адамды құрайды.

Қазір аудандағы №16, №17, №18 спорт мектептері мен балалар аула клубтарында 2010 оқушы 13 спорт түрі бойынша спортпен шұғылданады. Бұл аудандағы 7-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 13,4 пайызын құрап отыр. Аудан спортшылары, Әлем чемпионаттары, халықаралық, Азия, республикалық спорттық сайыстардан үнемі жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Жыл басынан бері байрақты бәсекелерде аудан, облыс, республика намысын қорғаған меркілік спортшылар 219 рет алтыннан алқа тағынды. Ал 248 спортшы жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінсе, 397 спортшы қола медалді жеңіп алған.

Спорт–әлемдік аренаға елдің атын танытудың құралы. Олимп шыңын бағындырған жеңімпаздар құрметіне оның мемлекетінің көк туы желбіреп, әнұраны шырқалады. Сол себептен де тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ елімізде бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөл. Бұл орайда жергілікті жерлердегі спорт нысандарының саны артып, оларды білікті бапкерлер тұрғындарды спортқа баули бастады. Сәйкесінше жоғары да келтірілген деректер бұл салаға Меркі ауданында тиісті деңгейде көңіл бөлінетіндігін аңғартады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір