• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:38:44
Алматы
+35°

2023 жылға қарай облыс тұрғындары толықтай таза ауызсумен қамтылады. Қазіргі таңда өңірдегі 377 елді мекеннің 55 пайызы орталықтандырылған ауызсуына қосылған болса, алдағы 4 жыл ішінде бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен 100 пайызға теңеседі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде облыстағы 205 елдімекенде орталықтандырылған ауызсуға қосылған. Дегенмен зерделеу барысында ондағы 129 мыңнан аса халықтың таза ауызсу жүйесіне қол жеткізе алма отыр. Осы орайда бірқатар мемлекеттік кәсіпорындарға лизенция алып беру нәтижесінде күні бүгінге дейін 81 мыңнан астам тұрғын ауызсуға қосылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш тағы 24 мың абонентпен толығады деп күтілуде. Сондай-ақ облыстағы 10 елді мекенге жаңадан су құбырын тарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Келер жылы 18, 2021 жылы 41, 2022 жылы 47 елді мекенге ауызсу жүйесін тартылады.

Облыс әкімінің тапсырмасымен тұрғындар саны 200-ге дейінгі 49 елді мекенді жергілікті бюджет есебінен бірыңғай оператор арқылы ауызсумен қамту шаралары ұйымдастырылады.

Мұнан бөлек облыс тұрғындарын табиғи газбен қамту мәселесі де басты назарға алынды. Бүгінде өңірдегі елді мекендердің 48 пайызы немесе 181-і газдандырылған. 2027 жылға дейін 196 елді мекенді кезең-кезеңімен толықтай газдандырылады. Газдандыру кезінде елді мекенге тартылған газ жүйесі бола тұрып, қосылу құнының қымбаттығына байланысты көгілдір отынға қолы жетпей отырған 31 мың тұрғынның мәселесі де басты назарда.

Бұл орайда өңір басшысының бастамасымен «Газ және газбен жабдықтау» заңына өзгеріс енгізіліп, көгілдір отынға қосылу бағасы 2-3 есе төмендетілген соң, аталған тұрғындар көгілдір отынға қол жеткізуге мүмкіндік алған. Сонымен қатар Тараз қаласы маңындағы 35 саяжай мен тұрғын алқабының 20-сына газ тарту жұмыстары қарқын алған. 2019-2021 жылдары облыстағы 81 елдімекенді газбен қамтуға республикалық бюджеттен тиісті қаржы қарастарылған.

Жалпы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өрлеуіндегі негізгі көрсеткіштерді түзуде жергілікті тұрғындардың таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтылу мәселесі басты назарға алынады. Сондықтан жергілікті билік бұл жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды жіті назарда ұстайды. Оған облыс аумағындағы аталған секторда атқарылған және таяу болашаққа түзілген жоспар нақты мысал бола алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір