• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қаңтар, 17:27:27
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Аймақтар

Құтқару қызметтері "Қыс-2019" оқу жаттығу жиынын өткізді

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен оқыс оқиға орнына жететін құрылым өкілдері «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиынын кезінде өз дайындықтарын кезекті рет пысықтады. Жалпы бұған дейін құтқару қызметінің командалары 2019 - 2020 жылдарға арналған бірқатар ұйымдастыру және машықтану іс-шараларын өткізген болатын, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Арнайы-тактикалық оқу-жаттығуға облыс әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Мейірбек Пралиев қатысып, төтенше жағдай кезінде орын алған келеңсіздіктерді жоюға мүдделі органдардардың дайындығымен танысты. Сонымен қатар оқыс оқиғаның зардабын жоюға жұмылдырылатын құрылымдардың техникалардың әлеуеттік деңгейін сараланды.

– Командалық-штаттық оқу жаттығуға жергілікті атқарушы органдардың, облыстық ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі, облыс бойынша апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің филиалы, облыстық полиция департаменті, Ұлттық гвардияның 5513 әскери бөлімі, «Казавтодор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Жамбыл электр желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, медицина және көлік қызметінің өкілдері қатысуда. Оның мақсаты – қыс мезгіліндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің дайындығын бағалау, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңде тап келген төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-қимылдарға даярлау, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Мақсат Қосыбаев.

Оқу-жаттығу жиыны алдын ала дайындалған сценарийге сай өтті. Өңірде аяқ астынан ауа райы бұзылды. Қатты қар жауып және желдің жылдамдығы 30 м/с дейін күшейді Сәйкесінше Жуалы ауданы аумағындағы республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 515 шақырымының маңында (Күйік асуы) қарлы боран пайда болды. Ақ түтектен таяқ тастам жерді көру мұң болып, салдарынан қалааралық бағыттағы автобус пен бір жеңіл автокөлік қақтығысып, жеңіл автокөлік жол жиегіне құлап кетті. Орын алған жол көлік оқиғасы өзге көліктердің де кептеліске ұшырауына түрткі болды. Олардың арасында 85 жолаушысы бар 2 қалааралық автобус, 16 жүк бірлігі және 31 жеңіл автокөлігі кептелісте қалды. Осы кезде облыстық ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі, облыс бойынша апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесі филиалының, облыстық полиция департаментінің мамандары келіп, жолаушыларды басқа көлікке отырғызып, жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетіп, өртке оранған жеңіл атокөлікке су шашып, тілсіз жауды лезде ауыздықтады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір