• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:56:45
Алматы
+35°

Соңғы жылдары Сарысу ауданында өнеркәсіппен бірге ауылшаруашылығы да соны серпінмен дамып келеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Сарысу ауданындағы ауыл шаруашылық құрылымдарымен 9 миллиард 600 миллион теңгенiң ауыл шаруашылық өнімі өндірілген. Бұл 2018 жылдың 9 айымен салыстырған 1 миллиард 700 миллион теңгеге артық көрсеткіш, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған көрсеткішті салалар бойынша талдайтын болсақ сарысулық диқандар табысы 5 миллиард 100 миллион теңгені құраған. Ал мал шаруашылығы секторындағы табысқа 4 миллиард 500 миллион теңге тиесілі.

Биыл аудандағы айдалған жердің көлемі 20 мың 291 гектар болса ондағы 4 мың 587 гектар алқапқа жаздық масақты дәнді дақылдар егілді. Сондай-ақ көп жылдық шөп алқабы 4 мың 534 гектар. Ауданның жер жағдайы мен климаты мақсары егуге қолайды. Сондықтан да сарысулық шаруалар ағымдағы жыл бұл дақылды 7 мың 100 гектар алқапқа сепкен. Мұнан бөлек аудан диқандары «Дала аруы» саналатын жүгері егуге көптеп көңіл бөліп жатыр. Биыл Сарысудағы дәндік жүгері 1 000 гектарға егіліпті. 40 гектар жерге картоп пен 529 гектарға көкөніс пен өзге де бақша дақылдары еккен сарысулықтар егіс алқаптарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 732,8 гектарға арттыруға қол жеткізген. Егіс алқаптарын ұлғайта отырып, оларда озық технологияны қолданудың да оң тәжірибесі қалыптасқан. Биыл су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстарының нәтижесінде 75 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісі енгізілді. Бұл жүйеме жаңаталаптық «Жантөре-Саудакент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәдесіне оңтайлы жарап, серіктестік 25 гектар алқапқа дәндік жүгері және 35 гектар жерге пияз және 15 гектарға бақша дақылдарын егуде дәл осы технологияны қолданған.

Қазіргі күні аймақтағы агроқұрылымдардың меншігінде 1 315 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар. Онда 385 дана трактор, 28 дана комбайн, 902 дана қосалқы құрылғылар мен трактор тіркемелері қызмет көрсетеді. Сәйкесінше аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларының жаңарту мәселесі ешқашан күнтәртібінен түскен емес. Сондықтан да «Саудакент Кредиттік Серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көмегімен 5 шаруа қожалық 46 миллион 900 теңге несиеге қол жеткізді. Өз кезегінде бұл қаржыға агроқұрылымдар 5 дана Беларус тракторы мен 12 қосалқы құрылғысын сатып алды. Ал «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы бірқатар сарысулық шаруа қожалықтары жалпы көлемі 66 миллион 800 мың теңге болатын бірнеше ауыл шаруашылық техникасын сатып алды. Аудандағы өзге шаруашылықтар да өз есептерінен МТЗ тракторы, «Пресс-рулон» құрылғысы тіркеме вагон сынды техникаларға иелік еткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір