• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:52:02
Алматы
+35°

Ағымдағы жылдың 9 айында Сарысу ауданында жалпы көлемі 8 223 шаршы метр болатын 47 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауданда жыл соңына дейін көлемі 5,5 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлер қолданысқа берілетін болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы жыл басынан бергі 9 айдың ішінде ауданда жалпы сомасы 7 миллиард 700 миллион теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2 миллиард 100 миллион теңгеге артық. Ауданда қарқын алған құрылыс жұмыстарының нәтижесінде сарысулықтардың баспанаға сұранысы толық өтелмек. Мұнан бөлек өңір тұрғындарының әлеуметтік маңызға ие нысандармен қамтылуы да басты назарда.

Атап өте кетерлік бір жайт аудандағы құрылыс жұмыстарының негізі үлесі тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және күрделі, ағымды жөндеу жұмыстарына тиесілі. Мәселен былтырғы жылы аудан орталығы саналатын Жаңатас қаласында 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Бұл тұрғын үйлер ескі, қараусыз қалған үйлерге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қолданысқа беріліп отыр. Жаңатас қаласында тұрғын үйлерді қайта жаңғырту есебінен баспанаға айналдыру жұмыстары әлі де өз жалғасын табуда. Сондай-ақ қазір тұрғындар мекен етіп жатқан үйлердің техникалық жағдайын жақсарту мәселесі де тиісті деңгейде қолға алынған. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» арқылы Жаңатас қаласында 6 көп қабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлердің техникалық әлеуетін жақсарту жұмыстарына 80 миллион теңге қаржы қарастырылса, оның 52 миллион теңгесі тұрғындардың есебінен кері қайтарылған. Тиісті көлемдегі қаржы жұмсап оны кейіннен тұрғындардың ай сайынға төлем графигіне сай қайтарып алу тәжірибесімен Жаңатас қаласындағы 3 шағын аудандағы 2 тұрғын үй жөнделді. Өз кезегінде бұл жұмыстарға 14 миллион 500 мың теңге қаржы қаралса, бүгінгі таңға дейін тұрғындар бұл соманың 3 миллион 600 мың теңгесін кері қайтарып үлгерген. Ал екі жыл бұрын қаладағы 6 шағын аудан дағы№28 үйіне 10 миллион 600 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі есеп бойынша тұрғындар тарапынан керіқайтаруға жататын 2 миллион 200 мың теңгенің 44,3 пайызы қайтарылып қойған.

Өткен жылы кері қайтарылатын қаражат көзінен Жаңатас қаласындағы 1 шағын ауданның №23 тұрғын үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Жалпы сомасы 13 миллион 200 мың теңгеге жүргізілген құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржының 1 миллион 800 мың теңгесі кері қайтаруға жататын болса, қазіргі таңда оның 324,8 мың теңгесі қайтарылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір