• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 10:58:24
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Аймақтар

Желтоқсан айында Тараз қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 180 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Тараз қаласындағы №5 «Қарасу» ықшамауданында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған уақытша тұрғын үйлер салу жобасы аясында 4 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Қарқынды құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, жоғарыда аталған санатқа жататын 180 тараздық отбасы Жаңа жылды жанға жайлы жаңа пәтерде қарсы алатын болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған бұл жобаға әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар қаржылық ахуалы түзеліп, өз пәтерлеріне қажетті алғашқы жарнаны жинағанға дейін осынау уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі.

Тараз қаласындағы №5 «Қарасу» ықшамауданында салынып жатқан нысанды «әлеуметтік жатақхана» атаға кеткенімен ондағы тұрғындарға жасалған жағдай қарапайым көпқабатты үйлерден кем емес. Әрбір пәтердің жеке асүй, жуынуға арналған бөлмесі және дәретханасы бар. Бүгінде алып құрылыс алаңына айналған 4 көп қабатты тұрғын үйдің әрқайсысында 2 бөлмелі 45 пәтер орналасқан. Сәйкесінше жыл соңына қарай мұнда тұрмыстың тауқіметін сезініп, баспаналы болуды көптен арман еткен 180 тараздық отбасы қоныс тойын тойламақ. Нысан құрылысына жауапты «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Қуат Баққараев тұрғын үйлердің жыл соңында толығымен пайдалануға берілетінін айтады.

–Біз құрылыс жұмыстарын қыркүйек айының ортасынан бастадық. Қазір нысанның барлық 4 блогындағы құрылыс жұмыстары 60 пайызға аяқталды. Құрылысшылар тұрғын үйлердің шатырын жабу, сыртқы қасбетін және ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

5 қабаттан тұратын 4 тұрғын үйде 180 пәтер бар. Олардың барлығын көлемі 53,2-56,63 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтерлер құрайды.

Бүгінде нысанда 160 құрылысшы еңбек етіп жатыр. Жұмыс көлемінің ауқымдылығына байланысты бір-екі жұмакөлемінде олардың қатарын тағы 45-50 құрылысшы толықтырмақ.

Тұрғын үйлерді Жаңа жылға қарай пайдалануға беруге әлеуетіміз толықтай жетеді. Бір сөзбен айтқанда әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 180 тараздық отбасы мерекені жаңа пәтерде қарсы алатын болады,–дейді Қ.Баққараев.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 612 пәтерлі 12 жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұндағы 478 пәтерлі 9 жатақхана жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір