• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:55:52
Алматы
+35°

Әлемдегі 11 мың ғалым климаттың өзгеруі туралы саясаткерлерге бағытталған үндеу хат жариялады – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды,  CNN-ге  сілтеме жасап.

"Бүкіл әлемнің түкпір түкпірінен шыққан 11 мың ғалым адамзат өзінің қазіргі жолын өзгертпесе, климаттың өзгеруі қандай азап шеккізуі мүмкін екені туралы хат жазды. Олар ғалым ретінде барды бар деп айтуға моральдық құқықтары бар екенін мәлімдеді", – делінген үндеу хатта.

Баяндама авторларының бірі Фиби Барнард: "Бұл құжат ең алдымен саясаткерлерге бағытталды. Келер ұрпақ саясаткерлер туралы жаман ойда болады, себебі олар климаттың өзгеруі өркениетке төнген қауіп екеніне мән бермеді", – дейді.

Еске салсақ,  ғалымдар бұған дейін де аталмыш мәселе туралы  бірігіп пікір білдірген еді. Атарп айтсақ, 2017 жылы 184 мемлекеттен жиналған 16 мың ғалым «адамдар мен әлем қақтығыс алдында тұрғанын» ескертіп үндеу хат жазған еді.

Ал биылғы хат "BioScience" ғылыми журналында жарияланды.

150-ден астам мемлекет ғалымдарының айтуынша, климаттық дағдарыс –  "бай өмір сүруге ұмтылуға" байланысты болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір