• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:56:45
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «MEIIRIM» оңалту орталығында болды, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

2004 жылы ашылған орталықтың алғашқы күнінен бастап мұнда БЦП және аутизм диагнозы бар 200-ге жуық бала оңалтудан және әлеуметтендіруден өтті. Бұл орталық балалардың күні бойы ата-анасыз жүруіне мүмкіндік беретін елдегі алғашқы мемлекеттік емес мекеме. Мұнда 3 жастан 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуы, әлеуметтенуі және оқуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

«Жабдықталу жағынан флагман болып табылатын бұл орталықтың қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартып, оңалту мәселесін шешуде маңызы зор», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Орталық директорының м.а. Амина Өмірәлиева тірек-қимыл жүйесін дамыту, зияткерлік дағдылар, Монтессори және т.б. әдістерімен шұғылдануды қамтитын оңалту орталығының моделімен таныстырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір