• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:11:49
Алматы
+35°

2019 жылдың 6 қарашасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде Жастар жылы аясында білім ордаларында бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» өтті.

Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бәсекеге қабілеті, саналы, экономикасы дамыған парасатты мықты мемлекет қалыптастыру жолында парасат-пайымы ұшқыр, жан-жақты тұлғалардың санын көбейтуге атсалысу.

Аталған іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлері, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары, «Nur Otan» партиясының, «Атамекен» ҰКП, арнайы мониторингтік топ мүшелері, жастар және үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері, қоғам белсенділері қатысты.

Осы кездесулерде спикерлер өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушы өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру қағидалары туралы, адалдықтың маңыздылығы туралы, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары айтып берді.

Жастар – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы. Сондықтан жас ұрпақ білім нәрінен бөлек, адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім қағидаттарын бойына сіңіруі тиіс.

Парасаттылық – ұлттың рухани өзегі, дамушы қоғам өмірінің қалыпты нормасы. Еңбекке, өзіне және қоршаған әлемге әділ және адал қарым-қатынас – еліміздің жетістігінің басты қозғаушы күші.

Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері Нұр-сұлтан қаласындағы 86 мектепке барды. Еліміздің басқа аймақтарында да Агенттіктің аумақтық департаменттерімен осындай жұмыстар атқарылды.

Бүгінгі «Адалдық сағатымен» ел бойынша 2 млн. 110 мың 556 оқушы қамтылды (6-8 сынып оқушылары).

р

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір