• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:57:17
Алматы
+35°

07 Қараша, 2019 NEWS

Алматыда көшелерді қардан тазалау үшін 500-ге жуық техника тартылды

Алматыда қар 6 қараша күні түнгі сағат 23:30-дан бастап жауа бастады.

Көктайғақтың алдын алу үшін түн мезгілінде 417 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 162 құм лақтырғыш техника бар және 427 жол тазалайтын жұмысшы іске кірісті, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

7 қараша күні таңнан бастап 498 техника бірлігі қар тазалауға шығарылды, оның ішінде 174 құм лақтырғыш бар, сонымен қатар 1688 жол жұмысшылары қар тазалаумен айналысуда.

Қардың түсуі басталысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар төгілуде, тротуарлар, жаяу жүргінші аумақтары, қоғамдық көлік аялдамалары, өтпелі жолдарға кіретін және одан шығатын жерлер қардан тазартылуда.

Таңғы сағат 8-де көктайғаққа қарсы 2609 тонна материал төгілді.

Жауған қардың деңгейі – 5 сантиметр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір