• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:32:17
Алматы
+35°

Осыдан бірнеше апта бұрын, нақты айтқанда 25 қазан күні  Байкал жағалауындағы әскери бөлімшелерінің бірінде офицермен қоса, жеті сарбаздың оққа ұшқаны  хабарланғаны белгілі. Бұл туралы   Qamshy.kz ақпарат агенттігі URA.RU порталына сілтеме жасап, хабарлайды.

Қатардағы сарбаз Рамиль Шамсутдинов өзін азаптап, қорлағаны үшін қарауылда тұрған кезінде қолында автоматтың барын пайдаланып, өзін ұрып-соғып жүрген сарбаздарға оқ атқан. Екі сарбаз жараланып, алтауы сол заматта жан тапсырған. Оның ішінде бір офицер бар.

 Ресей қоғамында үлкен қоғамдық пікір тудырған оқыс оқиғадан кейін әскери бөлімшеде тексеріс жұмыстары басталып кетті. Ал қатардағы жауынгер Рамиль Шамсутдиновтың сарбаздарды қырып салуына не себеп болған? Ол өз әріптестерін неге өлтірді? Равиль Шамсутдиновтың айтуына қарағанда, осы уақытқа дейін оны ұрып, соғып келген. Тіпті оның басын унитазға тығып, қорлаған да көрінеді. Басты себеп –әскердегі әлімжеттік. Үнемі болып тұратын қорлық пен зорлықтан қатардағы жауынгердің жүйкесі сыр берген болуы керек.

Чита қаласының маңындағы әскери бөлімшеге Равильдің әкесі де барып қайтқан. Оның айтуына қарағанда, шын мәнінде қол жұмсау дерегі орын алған. Оны сарбаз Рамиль Шамсутдинов те растап отыр. Қатардағы сарбаздарға оқ атарынан бірнеше сағат бұрын Рамиль әкесіне ұялы телефон арқылы «әке, мен одан ары шыдай алмаймын» деп хабарлама да жіберген көрінеді. Ақыры іс осылай насырға шапты. Орын алған төтенше жағдайдан кейін Рамиль әскерилерге өз еркімен берілген.

Қазір оқыс оқиғаға қатысты кең көлемде тексеру, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Әскердегі сарбаздардан соққы алып, сағы сынған сарбаз Рамиль Шамсутдиновтың жайы Шешенстан президентін де алаңдатпай қоймады.  Ол кеше «зардап шеккен мұсылман баласының құқын қорғауымыз керек» деп екі шешен қорғаушысын Читаға жіберді. Қорғаушылар  Саид-Магомед Чапанов пен Равиль Тугушев кеше Мәскеу арқылы Читаға қарай ұшып шыққан. Алдағы уақытта болатын сот отырысында екі шешен қорғаушысы енді татар баласы  Рамиль Шамсутдиновтың құқын қорғамақ.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір