• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:07:49
Алматы
+35°

6 қарашада «Алматы – адалдық алаңы» жобасы аясында Small супермаркеттерінде қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Қайрат Сөнтаевтың қатысуымен «сатушысыз кассалар» ашылды.

Тауарды өткізудің бұл тәсілі қарапайым, уақытты үнемдейді. Сатып алуды өз бетінше жүргізуге мүмкіндік береді: тауардың штрих-кодын сканерлеу, оны буып-түйіп, банк картасын терминалға көтеріп, төлем жасау. Сондай-ақ қызмет гаджеттерді пайдалану оңай адамдарда сұранысқа ие.

р

Ірі желіде сатып алушылардың кедергісіз өзіне-өзі қызмет көрсету желісінің ашылуы «адалдық дүкендері» жұмысының заманауи форматын, сатушылардың қатысуынсыз тауарларды сатуды көрсетеді.

Мұндай терминалдар мен өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары АҚШ, Канада, Ұлыбритания сияқты шет елдердің мысалында сатып алу процесін автоматтандыру үшін бөлшек желілерде пайдаланылады.

«Аталмыш жобаны іске асыруға шақыру азаматтарға сенім ахуалын нығайтуға, адалдық пен парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттеріне тексеруден өтуге мүмкіндік берді», – деп іс-шара барысында Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Данияр Таумұрат атап өтті.

«Адалдық дүкендерінде» тосқауылсыз қызмет көрсетудің болуы және жұмыс істеуі жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастырумен және нығайтумен қатар, әсіресе жастарда таза экономикалық пайда мен артықшылықтарға ие. Мұндай дүкендер еңбек ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануға, сондай-ақ өткізу мүмкіндігін тездетуге мүмкіндігі бар.

Бұған дейін осындай жоба «Юбилейный» супермаркетінде ашылды.

мм

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір