• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:00:52
+35°

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Достық үйінде «Гастрономиялық дәмдер дастарханы» атты этноаспаздық фестивалі өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Фестивальдің мақсаты ұлттық тағамдарды дәріптеу және облыс этностарының гастрономиясымен таныстыру, аспаздық дәстүрлерді және тағам мәдениетін сақтау, ұлттық тағамдардың өзіндік ерекшелігін жас ұрпаққа қазіргі заманғы жағдайда көрсету, этникалық тағамдарды дайындауда жаңа технологияларды қолдану.

Шараға Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, этностардың ұлттық тағамдарын дайындау шеберлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, облыстың этномәдени бірлестіктерінің жас мүшелері, облыстық және қалалық БАҚ өкілдерінен құралған барлығы алпыстан астам адам қатысты.

Екі бөлімнен құралған іс-шара «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жүзеге асуда. Фестиваль басы «Үкілім-ай» бишілер тобының «Шаттық» биімен және Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылығының меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызының алғы сөзімен басталды. Фестивальдің бірінші бөлімінде аспаздар ұлттық тағамдардан шеберлік сыныптар көрсетті. Абай дәуіріндегі қазақ тағамдарынан Сихимбаева Сымбат Қалдыбекқызы «Іш май» және «Бүрме қарын» атты шеберлік сыныбын өткізді. Қарашай-балқар халқының ұлттық тағамдар пісіру бойынша Алдабаева Майса Мушукбекқызы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тез дайындалатын тағамдардың шеберлік сыныбын Абдықахарова Лола Әбдірасулқызы өткізді. Сондай-ақ, ол тай халықтарының яғни шығыс елдерінің тағамдарын суши, баклажан және туралған көкөністерді қалай дайындау керектігі туралы да өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сыныптың ұлттық сусындар және замауи коктейльдер дайындау бойынша соңғы сабақты Богданов Александр өткізді. Ол қышқыл сүттен «Шалап» сусынын және түрлі коктейльдерді дайындауды көрсетті. Фестивальдің бірінші кезеңі аспаздық үлгіде киінген жастардың би флешмобымен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісі» КММ бас сарапшысы Альбина Тапаева: «Қазақстан халқы өңірлік ассамблеясы жанынан жұмыс істейтін ғылыми-сараптамалық топ ұлттық ас үй мәселесіне етене жақындап, этникалық мәдениеттің бір бөлігі ретінде олардың философисын көрсетуді шештік. Сондықтан «Гастрономиялық дәмдер дастарханы» фестивалі қатысушыларға гастрономиямен таныстырумен ғана емес, әр этностың мәдени кодын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл басқа этностардың мәдениетіне қатысты төзімділікке негізделген қазақстандық бірегейліктің негізі болып табылады. Ас үй — бұл тек тамақ тұтыну орны ғана емес, сонымен қатар этнос дүниетанымының бір бөлігі, оның дәм философиясының ошағы екенін сезіндіргіміз келеді»,- деді өз сөзінде.

Іс-шараның екінші кезеңі ұлттық асхананың тұсаукесерін, тамақтану мәдениетінде дәстүрлі ұстанымдарды сақтауды көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір