• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:56:22
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Аймақтар

Қалғұттықтардың тұрмысы түзеліп келеді

Ел тұрғындардың саулығын арттыру бағытында бір жылдары жанданған «Денсаулық» бағдарламасының берері мол болғаны анық. Одан бөлек, Мемлекет басшысы да, Елбасы да медициналық нысандарды көптеп салуды тапсырғаны белгілі. Бұл жұмыстар Жамбыл облысы Қордай ауданында жүйесін табуда. Мұны аудан әкімі жуырда бағамдап қайтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудан басшысы Болатбек Байтөле Қалғұты ауылына барып, онда құрылысы жүріп жатқан жаңа медициналық пункттің жұмысымен танысты. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Зәуреш Қадырбекова құрылыс жұмыстарының көп ұзамай аяқталатынын айтып, іс жоспарға сәйкес жүріп жатқанын жеткізді. Сол маңда ауыл тұрғындарымен сұхбат құрған аудан басшысы Қалғұтыда бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мектеп мәселесі шешімін тапқанын айтып, құрылыс жұмыстары қарқын алатынын жеткізді. Осыдан соң ауыл тұрғындарының өтінішімен әкім Қалғұты мен Жамбыл ауылын жалғап жатқан канал үстінен өтетін көпірдің жағдайын көрді. Темірмен тартылған жалғыз аяқ көпірдің астыңғы тіреуішінің бірі қисайып, өзі солқылдақ күйге түскен. Бұл жерден ауыл тұрғындары мен мектепке қатынайтын балалар жүретіні былай тұрсын, жайылымға шығатын ірі малда осы көпірмен өтеді екен. Ондағы жағдайды көрген аудан әкімі көпірді ретке келтіріп, ал малды басқа жерден өткізу үшін жұмыстарды қолға алатын болып шешті.

Қалғұтыдан кейін Степнойға барған Болатбек Байтөле алдымен «Қордай-Рауан» жекеменшік балабақшасының жұмысымен танысты. 150 орындық бақша барлық талапқа сай жасалғанымен, аудан басшысы балалардың ойын алаңына қатысты бірқатар ескерту жасап, оны балабақша басшылығы жақын арада ретке келтіретін болды. Келесі кезекте Степной ауылдық мешітіне барған аудан әкімі мешіт маңынды абаттандыру мүлдем жүргізілмегінін айтып, ретке келтіру жұмыстарын шұғыл бастау керектігін ескертті. Осыдан соң Болатбек Байқонысұлы құрылысы жүріп жатқан дәрігерлік амбулаторияға барып, мердігерлермен тілдесті. Ғимараттың қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған, қазіргі таңда сырлау жұмыстары жүруде. Қарашада толығымен аяқтауды көздеп отырған құрылысшыларға сәттілік айтылды. Степной ауылдық негізгі дәрігерлік амбулаториясының ескі ғимараты өткен ғасырдың алғашқы жартысында салынған екен. Дей тұрғанымен, әктеп-сырлап, жақсы қараудың арқасында осы күнге дейін ауылға сапалы медициналық көмек көрсетіп келген. Енді көп ұзамай ондағы медицина қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшетін болады.

Округ бойынша алты мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенде жол мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Соңғы жылдары бірқатар ауыл көшелері жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілген болатын. Десе дағы, аудан басшысы осы күні Степнойдағы барлық көшелерді аралап шығып, жағдайымен танысып, соңында округ әкіміне ауыл сыртына қоқыс тастағандарға айыппұл салуды қолға алу және оның алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір