• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:49:57
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Аймақтар

Қоғамдық келісім – ұлттың ұйытқысына айналды

Қоғамдық келісім – ұлт пен ұлыстардың достығының кепілі. Бүгінде бұл өз-өзін дәлелдеген құрылым. Сондай-ақ Жамбыл облысындағы қоғамдық келісім мекемесі бұл байламға еш селкеу түсірген емес деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәселен «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі конференция, тимбилдинг, хакатон, фокус-топтық зерттеулер және т.б форматтарда 30 іс-шара өткізіп, оған 4310 белсенді қоғам мүшелері қамтылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының үздік ғылыми еңбектер қатарына енгізілген 49 жұмыстың 7-еуі жамбылдық ғалымдардың еншісінде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыстағы этностардың салт -дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, қолөнерін терең зерттеуге бағытталған үш жоба жүзеге асуда. Жоба аясында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасалды, сондай - ақ, әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ынтымақтастық қарым - қатынас келісімі жасалып, бірлескен жұмыс жүргізілуде. Облыстағы этностардың қолөнер, ұлттық бұйымдар жасау шеберлігі терең зерделенуде. Меркі ауданында тоқымашы, көркем дәстүрлерді сақтаушы Г.Джубарованың және кілемші Г.Ережепованың, сондай - ақ, қарашай - балқар орталығы басшысының бабалары мұрасынан 19 ғасырдың белбеуі, сондай - ақ Қордай ауданында ұлттық дүнген өнері кесте тігу шебері С.Хафазованың және дүнген қалындығының той киімінің тігіншісі С.Чиваның мастер кластары түсірілді. Т.Рысқұлов ауданында ағаш, сүйек және металлдан ою кесу шығармаларын біріктіретін шебер Ж.Татаеваның еңбегі де жобаға сәйкес назарға алынды.

Бүгінгі күнге облыс бойынша 177 қоғамдық келісім кеңестері бірнеше жобаның жүзеге асуын ұйымдастырып келеді.

«Кедергіге жол жоқ» әлеуметтік жобасын іске асыру мақсатында, оған 59 адамнан тұратын мониторинг тобы құрылды, 401 объектіге мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар берілді.

«Жаңғырған ауыл» жобасы бойынша Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің қатысуымен кәсіптік білім алушылармен кездесу және Қордай, Меркі, Шу аудандарында кеңестің 3 көшпелі отырыстары өткізілді. Үздік жетістіктерге жеткен шаруа қожалықтар мен кәсіпорындарға («Самғау» ШҚ Қордай ауданы, «Сыпатай батыр» ЖШС Меркі ауданы, «Қуат» ШҚ және «Гуд Жем» Тараз қ) аграрлық туризм ұйымдастырылды. Жалпы 65 іс - шара өткізіліп, оған 4650 адам қамтылған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір