• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:08:08
Алматы
+35°

Жамбыл облыстық Достық үйінде «Жастардың қоғамдық санасын жаңғырту: әлеуеті, келешегі және мәселелері» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш конференцияның ұйымдастырушылары Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жоғары оқу орындарының оқытушыларын, ғалымдарды, философтарды және этномәдени бірлестіктердің өкілдерін конференция жұмысына қатысуға шақырды. Конференцияда жас ұрпақты қалыптастыру мен ілгерілету және қазақстандық қоғамды дамытудағы сабақтастықты қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде жастардың қоғамдық санасын жаңғыртуға бағытталған мәселелерді талқылады.

Игі істің ұйымдастырушылары ғылыми қоғамдастық пен әлеуметтік-саяси институттардың күш-жігерін біріктіру үшін осындай іс-шаралардың жоғары маңыздылығын атап көрсете отырып, мемлекеттік құрылым өкілдерінің, қоғам өкілдерінің қоғам үшін өзекті мәселелерін жиынға қатысушылардың назарына ұсынды.

-Бүгінгі конференцияның мақсаты жастардың қоғамдық санасын ояту, оларды саналы тұлға ретінде қалыптастыру. Өмірлік ұстанымдарын, көзқарастарын кеңейтіп, әлемдік жаһандану үдерісінде болып жатқан көптеген жаңалықтардан қалыс қалмас үшін, олардың білімге ден қоюын қамтамасыз ету. Бүгінгі жиында осы мәселелелер талқыланды. Жастарымыздың конференциядан ойға түйгені көп деп ойлаймыз, - деді Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Дина Дүйсебайқызы.

Конференция барысында пленарлық отырыс өткізіліп, бірқатар секция бойынша өзекті тақырыптарда пікірлер айтылды. Тарқатып айтар болсақ: «Қазіргі жастардың рухани жаңғыруы және оның түрлі салаларда көрініс табуы – өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, идеология, экономика, еңбек және т.б.», «Жас қазақстандықтардың рухани жаңғыруындағы құндылық бағдарлары (базалық ұлттық рухани құндылықтар, рухани құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер мен сабақтастық)», «Нақты жағдайлардан туындайтын жастардың қоғамдық санасының элементтері (әлеуметтік армандар, болжамдар, алдын ала болжам)», «Жастардың жаппай санасы – көрініс, ерекшеліктер, реттеу құралдары», «Жастардың қоғамдық санасына жаһандық бұқаралық коммуникация құралдарының әсері (БАҚ, интернет)» турасындағы мәселелер талқыға салынды.

Өткізілген конференцияның қорытындысы бойынша пленарлық отырыста және секцияларда ұсынылған баяндамалар тақырыптары бойынша мақалалар жинағы шығарылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір