• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:09:46
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Аймақтар

Ассамблея бірлік пен ынтымақтың айнымас үлгісі

«Бірлік түбі береке» дейді дана қазақ. Ал елімізде Елбасының бастамасымен ұлттар мен ұлыстардың достығы әркез алдыңғы қатарға қойылуда. Бұған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғаны анық дәлел бола алады. Ассамблеяның Жамбыл облыстық хатшылығы да игілікті істерге ұйытқы болып, жыл ішінде талай тірлікті тіктеуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Хатшылық меңгерушісі Маржан Төреғұлқызының сөзіне сүйенсек, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бағытында жыл басынан бері жоспарлы жұмыстар жүйесін тауыпты.

- Жалпы облыс көлемінде 87 этнос пен этникалық топтың өкілдері қоныстанған. Үстіміздегі жылы этномәдени бірлестіктердің қоғамдық аккредитациясы өткізіліп, 34 республикалық филиал, облыс және аудан этномәдени бірлестіктері Ассамблея тізіміне ұсынылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басты бағыттары – қайырымдылық және медиацияны дамыту. Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шараларының күнтізбесіне сәйкес облыс бойынша қайырымдылық акциялары аясында 69 820 адамға 338 844 300 теңгеге көмек жасалды. Биылғы жылы Арыс қаласында зардап шеккендерге түрік, күрді, дүнген, өзбек, ұйғыр, орыс, шешен, поляк, грек этномәдени бірлестіктері мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері 10 миллион 495 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.

Сондай – ақ, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі 5 балалы жалғызбасты ана Г.Мырзахметоваға 2 бөлмелі пәтер тарту етті және «Туған жерге туыңды тік» акциясы бойынша Қордай ауданының Құрметті азаматы, кәсіпкер С.Салыбаев тұрмыс жағдайы төмен 3 отбасына және Қордай, Байзақ, Жамбыл, Шу, Сарысу аудандарының меценаттары көпбалалы жанұяларға баспана сыйлады.

Коновалов клиникасының офтольмологтары Қордай ауданы Сортөбе, Масаншы, Бұлар Батыр, Аухатты және Қаракемер ауылдарының тұрғындарына ҚР Бас прокуратурасының құрметті қызметкері Г.Машанло мен Сортөбе ауылдық округінің әкімі И.Буларовтың көмегімен 750 адамға тексеру жүргізіп, 5 адамға ота жасады, барлығы 10 миллион 250 мың теңгеге демеушілік жасалды, - деген Маржан Төреғұлқызы одан әрі медиация қызметі туралы ой қозғады.

- Медиация қызметіне жүгінетіндер саны жыл сайын артуда, биылдың өзінде 773 азамат жүгініп, ҚХА медиаторлары 667 жанжал мен даулы жағдайларды шешті, олардың негізгі түрлері - 33 еңбек, 396 азаматтық, 113 отбасылық, 125 қылмыстық даулар. Облыс бойынша 2 медиация кабинеті, сондай - ақ 40 медиация алаңы бар, онда ҚХА медиаторлары практикалық және медиативтік көмек көрсетіп, түсіндірме жүргізеді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда медиацияға жүгінген азаматтар саны 152 адамға көбейіп, шешілген даулы мәселелер саны 186 көтерілген.

Мектеп медиациясын дамыту - бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуде қажетті сала болып отыр. Жамбыл облысы ҚХА қоғамдық медиаторлар қатарында 9 медиатор – педагог мұғалімдер мен оқушылар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазірдің өзінде кең көлемді 13 іс-шара өткізіліп, оған 1840 адам қамтылды, - дейді М.Қожаева.

Бұл сөз жоқ, ынтамақ пен бірліктің айнымас үлгісі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір