• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:00:38
Алматы
+35°

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Шерхан Мұртазаның шығармаларын жатқа айтудан өткен «IV Шерхан Мұртаза оқулары» байқауының қалалық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқауға қала мектептерінен 60-қа жуық оқушы қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті. Әр бағыт бойынша тағайындалған әділ қазылар алқасы қатысушыларды бағалап, шешім шығарды. Сонымен әдеби байқаудың бірінші кезеңі «Жұлдызы нұрлы суреткер» деп аталды. Мұнда оқушылар «Ай мен Айша» романы мен публицистикалық шығармалары бойынша берілетін арнайы талдау жұмыстарын орындап, сұрақтарға жауап беруі тиіс. Қорытындысы бойынша – І орынды №30 мектептің оқушысы Әсемай Кемелбек иемденді. ІІ орынды №8 мектеп атынан қатысқан Арайлым Есенәлі мен №49 мектептің үкілеген үміті Аружан Сейілбек бөлісті. Ал, ІІІ орын №32 мектеп оқушысы Құндыз Болатбекова, №54 мектептің оқушысы Аяжан Әділ мен №1 мектептің оқушысы Зере Сланбекке бұйырды.

«Рух пен намыстың төресі» деп аталатын екінші бағыт бойынша оқушылар жазушы шығармаларынан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқуы тиіс. Бұл бағыт бойынша I орын №10 мектеп оқушысы Айтбек Аружанға бұйырды. ІІ орынды №56 мектептің оқушысы Абубакир Узбекбаев пен №48 мектептің Темірлан Усенов жеңіп алса. ІІІ орын №5 мектеп оқушысы Ақжан Биназарова мен №11 мектептен қатысқан Диана Жанысбек, №43 мектептен қатысқан Қымбат Жанай есімді оқушыға бұйырды.

«Менің Шерағам» атты 3-кезеңде қатысушылар өздерінің Шерхен Мұртаза жайлы арнау өлеңдері немесе көркем прозаларымен таныстырды. Аталмыш кезең бойынша І орынды №32 мектеп оқушысы Айша Құдайбергенова, ІІ орынды №47 мектеп оқушысы Раева Аружан, №11 Меруерт Қазбек, №41 Айдана Замирбекқызы, №36 Жанель Әбдіқайымова, ІІІ орынды №56 Мереке Алиева, №54 Мадина Яхия, №43 Әсел Жангубекова иемденді.

4-ші «Шерхантанудың өзекті мәселелері» бағытында оқушылар ғылыми жоба бойынша сынға түсті. Бұл кезеңде №36 Әсел Аспандияр жеңімпаз атанды. ІІ орынды №45 мектеп оқушысы Қазына Әбілсейіт пен №15 мектеп оқушысы Ақерке Сейділда есімді талапты балаларға бұйырды. ІІІ орын №44 мектептің оқушысы Арайлым Өменова, №26 мектеп оқушысы Сымбат Тоқташбай мен №3 мектеп оқушысы Әсел Әлмаханның қанжығасына байланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір