• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:22:31
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Аймақтар

Жамбылда бағдарламаның бағыты айқын

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысында бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту деп көрсетілген. Бағдарлама мақсаты бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі және бірегейі екені талас тудырмайды. Ел азаматтары үшін бірінші кезекте тұрақты жұмыспен қамтылу маңызды саналады. Ал жеке кәсібін ашып, өзін және ағайын-туыстарын жұмыспен қамтып жатса нұр үстіне нұр. Бүгінде мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруына үлкен үлес қосып отырған сала да осы кәсіпкерлік екені анық.

Аталған бағдарламаның мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Бағдарламаның мақсаты мен индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс үш бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, бірінші бағыт – бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, екінші бағыт – жаппай кәсіпкерлікті дамыту, ал үшінші бағыт – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

Бүгінде Жамбыл облысында «Еңбек» бағдарламасы аясында 2019 жылға барлығы 11,6 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,4 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлініпті. Ағымдағы жылдың 1 қазанына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 30504 адам тартылса, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына – 14210 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 3299 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1477 адам, жастар практикасына 2297 түлек жолданған. Сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмыстарға 4868 жұмыссыз тартылса, 1292 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыса, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 649 адам оқуға жолданып, 959 адам шағын несие, 683 адам грант алыпты.

Аталған бағдарламаның шарапатын көбіне ауыл азаматтары көріп жатыр. Бағдарламаның да басты мақсаты осы. Мәселен, облыс орталығына жақын орналасқан Жамбыл ауданының тұрғыны Гүлсім Үсенова аталған бағдарламаның үшінші бағыты аясында еден жуушы болып, тұрақты жұмысқа орналасқан. Бүгінде 53 мың теңге айлық-жалақысы бар тұрғын денсаулығына байланысты тұрақты жұмыстан қол үзіп қалғанын айтады. Жұмыспен қамту орталығына қайрылған ол бүгінде Аса ауылындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында қызмет етуде. Сол секілді аталған ауылдың тұрғыны осы бағдарлама арқылы қысқа мерзімді оқу оқып, үйінің маңынан шаштараз ашып алған. Алдағы уақытта ол мемлекеттің шағын бизнеске деген қолдауын пайдалан отырып, шаштаразын үлкейтіп, бірнеше адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір