• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:19:21
Алматы
+35°

Әлеуметтік желіде пайда болған аты-жөні белгісіз адамның Ұлы жүздің бас биі Төле бидің суретін алдында жасаған селфиі халықтың ашуына тиді. 

"Бұл суретке не деп айтарымды білмеймін. Біздің ұрпақтың санасы құлдырап барады. Болашағымыз үшін алаңдаймын", - деп жазылған суретті жариялаған пост авторы saginblog.kz  парақшасында. 

Ұялы телефондағы қосымша арқылы түрін өзгерткен және артындағы Төле бидің суретін күлкіге айналдырғаны көрініп тұр деп ренішін білдірген халық бұл әрекеті үшін қыздың ата-анасына айыппұл салып, жазалау керек дейді. 

Пікірлері екіге бөлінген қолданушылардың бірі: "Менің ойымша, бұған Төле би ата ренжи қоймайды. Біздің жастар талантты және креативті. Бұл әзілді дұрыс қабылдай білу керек. Керісінше көңіл-күйлеріңізді көтермейсіздер ма?"- деп жазған. 

Үш жүздің басын қосқан, қазақтың қоғам қайраткері, шешен Төле бидің аруағын сыйлап, құрмет білдірудің орнына желіде жұрттың күлкісін тудырып, мазақ еткен қыз жазасыз қалмайды деген үміттеміз. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір