• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 21:48:48
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

05 Қараша, 2019 NEWS

Бір сурет мың сөзге татиды

Бүгін Өскеменде «Киелі Алтай» фотокөрмесі өтті. Естеріңізге сала кетейік, онда келушілердің назарына ұсынылған суреттер блогтур аясында түсірілген. Блогтур «Шығыс-ақпарат» ЖШС мен Катонқарағай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Мұнда келушілер National Geographic, «Егемен Казақстан», облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің фототілшілері түсірген туындыларды тамашалап қайтты. Әсіресе, облыстық «Дидар» газетінің қызметкерлері Мерей Қайнарұлы мен Тілеубек Шаяхметтің суреттеріне қызығушылық танытқандардың қарасы көп болды.

Мерей мен Тілеубектің бұл басылымда қызмет еткендеріне бірнеше жыл өтті. Бұдан бөлек олар әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанның тұмса табиғатынан сыр шертетін фотосуреттерді жиі салып отыратынын атап өткен орынды. Тіпті Мерей мен Тілеубектің «қолтаңбаларын» облыс тұрғындарымен қатар шетелдіктер де таниды.

Фотокөрмеге алғаш рет жергілікті ЖОО-дағы журналистика факультетінің студенті Елназ Әбенғазиева да қатысты. Бойжеткеннің айтуынша, ол блогтурға шақырту аламын деп мүлдем ойламапты. Қазылар алқасы оның туындыларын жоғары бағалап, осы турға қатысуға ұсыныпты. Жас фотографтың айтуынша, оны әсемдігімен көз тартатын табиғаттың сұлулығы таңғалдырыпты. Сөйтіп, ол киіз үйден жұлдызды аспанды фотосуретке түсірген. Ал оның бұл жұмысы көрмеде оң бағасын алды.

Фотокөрме барысында Нұрлан Бүлдірген мұндай байқауға алғаш рет қатысып отырғанын атап өтті. Көрермен қауым Нұрланның туындыларына қызығушылық танытты.

– Фотоөнер келешекте кәдеме жарайтынына сенемін. Болашақта табиғатпен байланысты жобаны қолға алғым келеді. Бұл үшін біз де барлық жағдар бар. Шығыс Қазақстанда тау да, су айдындары да бар. Осы туралы барлық елдер білуі тиіс, – деді Нұрлан Бүлдірген.

Өскемендегі фотокөрме қараша айының 8-іне дейін жалғасын табады. Ұйымдастырушылар, оған әртүрлі жастағы көрермендердің келетініне кәміл сенеді. Бұдан соң көрме Семей қаласында өтетін болады.

а

а

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір