• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:05:35
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

05 Қараша, 2019 NEWS

"Оңбай қателестік": ДАИШ құрамында снайпер болған жігіттің оқиғасы

Бақтияр Ибраев – Ауғанстанда бірнеше жыл соғысып, кейін Сирияда снайпер болған Қазақстан азаматы. Террористік ұйымның қатарында болған ол елге оралған соң мемлекеттен кешірім сұрады. Бұл туралы ">Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

Бақтияр –  бес баланың әкесі. Нұр-Сұлтанда туып-өскен. Жоғары білімі бар. Мектептен кейін дінге бетбұрып, мешітке бара бастаған.

"Басында намаз оқымадым, Артемнің қасындағы мешітке барып, хадис тыңдап жүрдім. Мешітте жүргенде байқағаным, жастардың көбі намазды сәл басқаша оқиды. "Уахабшылар" дейді ғой, солар болып шықты. Намаз оқу керек, әйелдер жабылу керек дейді. Мен де өзімді солай елестетіп, сондай жер іздедім. Ол жерге барған соң  неше түрлі жамағаттарды  көрдік. Сол жамағаттың біреуіне өзім де кірдім. Ақидалары, түсініктері басқаша болып шықты. Олар – суфистер болып шықты. Кім өлім іздеді, мен шаһид боламын, жәннатқа барамын дегендердің барлығы болды", – дейді ол.

Бақтияр пәтерлерде өткенн түрлі жиналыстарға үнемі қатысып жүрген. Онда жиналғандар билікке қарсы шыққан. Олар халифатты – мемлекеттіктің жалғыз формасы, шариғатты – жалғыз заң нормасы ретінде қарастырған. Осылайша, олардың ықпалымен 2011 жылы Ауғанстанға көшеді. Кейіннен Вазиристанда "Ислам жиһадының одағы" қозғалысына қосылады. Одан кейін Ауған моджахедтерінің қатарында 4 жыл бойы соғысқан.

Осы  уақыт аралығында  жары хаджаб киген, бірақ балалары медресеге бармаған. Өйткені, Ибраев медреседе педофилдер көп болды деген түсінікте болған.

ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) "Ислам мемлекетін" құратынын хабарлаған кезде ол отбасымен бірге Сирияға көшеді. Одан кейін Ракка қаласында 8 ай тұрады.

Сондай-ақ сұхбат барысында Ибраев соғыста жүріп түрлі қару ұстағанын айтты. Өзінің сөзінше, ДАИШ құрамына ол снайпер ретінде қосылған.

"Калашников автоматы болды басында. Кейін М16 қаруын ұстадым. Көздеуіші болатын, түнгі көру құрылғыларын қосуға болады", – дейді.

2017 жылы АҚШ пен оның одақтастары содырларға шабуылдай бастаған. Сол кезде Ибраевтың ұлы жарықшақтан жарақат алып, Бақтиярдың өзі күрдтердің қолына тұтқынға түскен.

"Таныс отбасылар болды, олар минадан жарылып кетті. Сондай-ақ барлық ауданға бомбалар түсе бастады. Соның ар жағында Иран әскері тұрды. Бірақ америкалықтарға жақындатпайтын. Әйелдерді палата қалашығына, бізді түрмеге алып кетті", – дейді ол.

Бақтияр Ибраев –  "Жусан" арнайы операциясымен елге Сириядан қайтарылғандардың бірі. Оған "террористік топтың әрекетіне қатысу" және "террористік әрекет ұйымдастыру мақсатында адам жинау" бойынша айып тағылды.

"Әке-шешемнен ғана емес, үкіметтен де кешірім сұрағым келеді. Себебі, мен Қазақстан азаматымын. Оңбай, қателестік. Бала-шағамның егер біреуі қаза тапса, өзімді кешіре алмаушы едім",  – деп өкінеді Ибраев.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір