• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:53:08
Алматы
+35°

Қазақстанда 1 секундта қанша адам өмірге келеді, ал қаншасы дүниеден кетіп жатыр? Кеше Статистика комитеті қызғылықты деректі есептеп шығарды.

Атап айтар болсақ,  қазіргі уақытта Қазақстанда 18 587 408 мың адам тұрады. Оның ішінде ерлердің саны - 8 909 774, ал әйелдердің саны - 9579 643 мың. Әлі де болса, бізде әйелдердің саны артық. Бұл Статистика комитетінің http://stat.gov.kz/ жыл басынан күні бүгінге дейінгі дерегі. Демек, халықтың демографиялық саны өсіп келеді. Бұл қуанышты жағдай. Бірақ қайғылы оқиғалар да аз емес. Біз осы орайда Статистика комитеті әзірлеген деректерді қаз қалпында бергенді жөн көрдік. Сонымен...

Ағымдағы айдағы демографиялық оқиғалардың (ДО) жиілігі:

Әрбір 85 секундта 1 адам (нәресте) жарық дүние есігін ашады;

 

Әрбір 241 секундта 1 адам өледі;

 

Әрбір 1965 секундта 1 адам елге келеді (иммигрант);

 

Әрбір 802 секундта 1 адам елден кетеді (эмигрант).

 

Жыл басынан ағымдағы тәулікке дейінгі демографиялық оқиғалар (ДО) саны:

Тірі туғандар

327 732

Өлгендер

112 755

Иммигранттар

11 444

Эмигранттар

32 196

Жалпы өсім

194 225

Тәулік басынан демографиялық оқиғалар саны:

Тірі туғандар

381

Өлгендер

135

Иммигранттар

17

Эмигранттар

40

Жалпы өсім

223

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір