• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:37:46
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

02 Қараша, 2019 NEWS

Алматыда жынысы белгісіз ерекше сәби дүниеге келді

Алматыда 8 айлық сәби өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алматы тұрғыны сәбиінің жыныс мүшесін анықтау үшін сотқа жүгінуіне тура келген.

Алғашында перзентханадағылар нәрестені о баста ұл деп айтып, ата-анаға ер баланың куәлігін ұстатқан. Алайда, уақыт өте келе шақалақ қызға айналып келе жатыр дейді анасы. 

Әлем бойынша миллионнан бір кездесетін жағдайға тап болған Мельниковтер отбасы баланың құжаттағы аты-жөні мен жынысын ауыстыруға сотқа келді.

Қателік жіберді деген күдікпен перзентхана қызметкерлері де сотқа шақыртылыпты. Әйтседе, дәрігерлердің еш кінәсі жоқ болып шықты.  Сегіз айлық сәби өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Яғни, дүние есігін ашқанда шақалақ шынымен ұл болған, бірақ толық емес.

Сондай-ақ  бұрын-соңды бұндай жағдайды көрмеген дәрігерлер ақылдаса келе, нәрестені ұл деп жазыпты. Ата-анасы да онымен келісіп, балаға Максим деп ат қойған.

Алайда, уақыт өте келе сырқатына байланысты гормон дәрілерін қабылдаған нәресте қызға айналған. Ал туыстары сол сәттен бастап Анна деп атай бастапты.

Таңқаларлығы, генетикалық ауытқуы бар Анна толық қыз да емес.

 Қазіргі таңда ата-анасы сырқат нәрестесін ең болмаса,  құжатта «қыз» деп көрсеткісі келеді. 

"Қыз тапқаныма сенімдімін. Дауысы, жылағаны, күлгені – қыздың қылығы. Құжаттан әбден қажыдық. Жедел жәрдем шақыртсақ, «куәлікте ұл деп тұр, ұл қайда?» деп сұрайды. Осы түсінбеушілік кесірінен тегін медициналық көмек ала алмай келдік. Енді құжатымызды тезірек реттеп берсе деп сұраймыз",  – дейді баланың анасы Кристина Бобенко.

 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір