• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:19:42
Алматы
+35°

Бүгін, 2 қарашада Жамбыл облысы Шу ауданындағы Белбасар ауылында 400 орындық мәдени-спорттық кешен ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Рүстем Дәулет қатысып, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың құттықтауын жеткізді. Сонымен бірге Болат Сауранбаевқа "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төс белгісін табыс етті.

про

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында Сауранбаевтар әулетінің демеушілігімен бой көтерген мәдени-спорттық кешен - Жамбыл облысының 80 жылдығына орай пайдалануға беріліп отырған алғашқы нысан.

ер

рувт
Өткен жылы іргетасы қаланып, қазығы қағылған кешеннің құрылыс жұмыстарын мердігер "Шебер билд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Жобалық құны 500 миллион теңгені құраған. Жаңа ашылған нысанда 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде.


Ел игілігіне берілген заманауи мәдени-спорт кешені әлемдік стандарттарға сай салынған. Оның жалпы ауданы 2600-ден аса шаршы метр аумақты құрайды. Екі қабатты ғимаратта шағын футбол, баскетбол, волейбол, бокс, күрес және жаттығу секциялары орналасқан. Сондай-ақ, онда спортшылар мен кешен қонақтары үшін буфет-асхана да қарастырылған. Спорт кешенінің ішінде төрт кабинет, бір мәжіліс залы болса, сыртында 100 автокөлікке арналған көлік тұрағы бар.

па

ртрп

гшл


Жоба жетекшісі, демеуші Болат Сауранбаев бұл нысан балалар мен жасөспірімдерге спортпен толыққанды айналысуға арналғанын, спорт – денсаулықты нығайтып қана қоймай, мінезді тәрбиелеу, тәртіп пен өзін-өзі жетілдіруге серпін беретінін жеткізді. Сонымен қатар ол "әрбір азамат өзінің туған елі мен жерінің көркеюуіне тамшыдай үлес қосып, дамуына атсалысуы – перзенттік парыз" екендігін айтты.


Еске салайық, Жамбыл облысының 80 жылдық мерей тойына орай 80 нысанды ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Бұл спорт кешені – ашылатын сексен нысанның алғашқысы. Алдағы уақытта, өңір мерейтойы қарсаңында бірқатар мәдени-тарихи, әлеуметтік нысандарды ел игілігіне беру көзделіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір